​Қан қысымыңыз жоғары ма? Ендеше МЫНА тамақтану тәртібі сізге көмектеседі

0
4 328

Қан қысымының жоғарылау дүниежүзі бойынша ең көп тараған аурулардың бірі екенін білесіз бе? Әсіресе соңғы уақытта бұл ауру тым «жасарып» кеткен. Аурудың азаюына әр адам өз денсаулығын күту арқылы ғана атсалыса алады. Сол себепті де кардиолог-дәрігерлер гипертонияға қарсы диетаны құрастырған болатын.


​Қан қысымыңыз жоғары ма? Ендеше МЫНА тамақтану тәртібі сізге көмектеседі

Қан қысымының жоғарылауы өлімге алып келетін бірден-бір ауру түрі болып табылады. Қазіргі таңда адамдардың көбі гипертонияның әсерінен өлім құшып жатыр дейді мамандар. Ал, мұндай жағдай орын алмас үшін емделу кезінде дұрыс тамақтануды қолға алған дұрыс.

Диетаны бастамас бұрын ас мәзіріне қандай тағамдар кіретінін, қандай жеміс-жидектерді жеуге болатынын біліп алғаныңыз жөн. Тамақтану рационында натрий элементі аз, кальций, магний, калийге бай тағамдар ұсынылады.


Жеміс-жидектер

Қан қысымы жоғары жандарға жеміс-жидектің кез келген түрін жей беруге болады. Банан, апельсин, шабдалы, қарбыз, өрік, ананас, манго, жүзім, алма және де жидектер. Кептірілген жеміс-жидектерден – құрма, мейіз, қара өрік, інжір ұсынылады. Бірақ та қантқа салынған жеміс-жидектерді жеуге рұқсат етілмейді. Күн сайын ұсынылған жеміс-жидектерден 4-5 порция жеу керек. Бір порция жеміске – 1 дана жеміс, 1 стақан жидектер, 0,5 стақан жеміс-жидектерден дайындалған шырын, ¼ стақан кептірілген жемістерден тұрады.


Көкөністер


Жеміс-жидектер секілді қан қысымы жоғары науқастарға көкністің де кез-келген түрін жеуге тыйым салынбайды. Мысалы: брокколи, қырыққабаттың барлық түрі, тәтті картоп, тәтті бұрыш, саумалдық, фасоль, жасыл бұршақ та ешқандай кері әсер етпейді. Көкөністердің бір порициясына – 1 стақан туралған шикі көкөністер, жарты стақан көкөніс шырыны немесе туралған басқа көкөністер жатады.


Дәнді-дақылдар

Гипертонияға шалдыққан жандарға ең пайдалы дәнді-дақылдар: қоңыр күріш пен сұлы, қарақұмық, гүлтәжі (амарант). Бұлардың құрамында адам ағзасына өте қажетті жасұнық бар. Күн сайын мұндай дәнді-дақылдардан 6 порция жеген дұрыс.1 мөлшерлік дәнді-дақылға жарты кесе піскен дән жататынын ескертеміз.


Жаңғақтар мен бұршақты дақылдар

Кез келген жаңғақты жей аласыз. Сонымен бірге пісте, бұршақты дақылдар, жасымыз, маш, ноқат, лобия, горохты жеу ұсынылады. Аптасына осындай жаңғақтар мен бұршақты дақылдардан 4 порция жеген жеткілікті. Оның 1 реттік мөлшерінде жарты кесе піскен бұршақ дақылы, 1/3 кесе жаңғақ, 2 ас қасық жаңғақ майы немесе екі ас қасық дән.


Пайдалы майлар

Авокадоғ кокос, зәйтүн, жержаңғақ немесе бадам жаңғақтары қан тамырларына және жүрекке өте пайдалы. Мұндай майдан күніне 2-3 рет 1 шай қасықтан ішіп тұрған абзал.


Майсыз сүт өнімдері

Қан қысымы жоғары жандарға дәрігерлер сүт өнімдерінің майсыз түрін таңдауға кеңес береді. Оның үстіне көп мөлшерде ішуге болмайтынын да айтады. Майсыз сүттен күніне 1 стақан немесе 1/3 стақан сүзбені 2-3 рет жеуге болады.

Ұсынылған ас мәзірі бойынша тамақтанатын болсаңыз, қан қысымыңыз қалыпқа келіп қана қоймай, зат алмасуды жақсартып, қант диабетінің алдын аласыз. Бұдан бөлек, зиянды холестериннен құтылып, жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысы да жақсарады.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Арықтауға көмектесетін ақуызға бай омлеттер мәзірі


Жетісайлық келін ешқандай дәрі-дәрмексіз 40 келіге арықтап жұртты таңқалдырды