Қарынның ШЫҒЫП КЕТУІНЕ 5 түрлі СЕБЕП БАР

0
867

Ұйқының қанбауы – үнемі ұйқылы-ояу жүру фигураның қас жауы екенін білетін боларсыз.


Қарынның ШЫҒЫП КЕТУІНЕ 5 түрлі СЕБЕП БАР


Соңғы уақытта әйелдер арасында да, ер-азаматтар арасында да қарны шығып, дене-бітімі тартымсыз болып кеткендері жетерлік. Дегенмен қарынның шығуына әсер ететін жаағдайлар бар екен. Егер сіз осыларды білсеңіз, сымбатыңыздың бұзылуына жол бермейсіз деп ойлаймыз.


1.Үнемі ұйқының қанбауы

Ұйқының қанбауы – үнемі ұйқылы-ояу жүру фигураның қас жауы екенін білетін боларсыз. Алайда барлық адам ұйқысын ретке келтіріп, күн сайын 8 сағаттық ұйқының орнын толтыра бермейді. Тіпті, күніне 4-5 сағаттық ұйқыны қанағат тұтып, күнделікті режимге айналдырғандары да жоқ емес. Яғни, осыдан кейін ұйқысы қанбайтын адамдар өзінің дене-бітіміне ешқандай уәж айтпай-ақ қойса да болады. Себебі барлығына өзі кінәлі, өзі жауапты. Өйткені ұйқы қанбаса адамның денесі осы энергияны басқа жақтан талап етеді, яғни, көп тамақ жеуге итермелейді. Бұл артық тағамдар қарын мен белге жиналатыны сөзсіз.


2.Ұйқыға кеткенше телефоннан көз алмау

Сіз ұйқыға жатарда телефонға үйіліп немесе теледидар қарауды әдетке айналдырдыңыз ба? Өміріңіз дәл осылай өрбіп жатқан болса, телефон да, планшет та, теледидар да түнгі ұйқының бұзылуына, зат алмасының бұзылуына әкеп соқтыратынын ұмытпаңыз. Онсыз да зат алмасу, ас қорыту жүйелерінің жұмысы реттелмей тұрған уақытта, бұл қосымша жүктеме болады. Сондықтан да зиянды әрекеттерден аулақ болуға тырысыңыз.


3.Уақытылы тамақтанбау

Мысалы, сіз бүгін әдеттегідей таңғы, түскі, кешкі ас іштіңіз. Бірақ кеше тек бір мезгіл ғана тамақтануға уақыт таптыңыз делік. Болмаса осы әдіс жақсы көмектеседі деген оймен кешкі асты ішпей қойдыңыз. Бірақ бұның бәрі ағзаға кері әсер ететінін білмейтін боларсыз. Ағза режиммен тамақтанбаудың әсерінен стреске түсуі мүмкін.


4.Диетаның бұзылуы

Диетада жүру, дастархандағы көптеген тағамдардан бас тарту оңай емес. Бұны диета ұстаған жандар ғана түсінеді. Диетаның бұзылуына не себеп болатынын да жақсы біледі. Көп жағдайларда диетаның бұзылуына той-томалақ, отырыстар, кешкі ас себеп болып жатады. Осындай кештерде диетаны ұмытып, дәмді тағамнан асап қоятынымыз бар. Бұл да өз кезегінде арықтауға емес, керісінше салмаққа салмақ қосуға, қарынның шығуына апаратын жолдың бірі.


5.Тамақты жүре жеу

Асығып-аптығып тамақтана салу, жүріп бара жатып тамақ жеу үйреншікті нәрсеге айналғандай. Ал, диетадағы жандар осылай тамақтансаң, тағам тез қорытылып, майға айналмайды деген сылтау айтады. Алайда, диетологтар бұлай ойламайды. Себебі, жүре тамақ жеген кезде адамның миы қарынның тойған-тоймағанын түсінбей қалады. Сөйтіп қарным тоймады деп сіз көбірек жеп қоюыңыз ғажап емес. Бұл да қарынға май жиналуына бірден-бір себеп болатын нәрсе.


Қарынның тез шығуына әсер ететін азық-түліктер:

  • Алкогольді ішімдік;
  • Сағыз шайнау;
  • Ащы тағамдар;
  • Майонез;
  • Балмұздақ;
  • Банан және құрмалар.

Егер қарынның шыққанын қаламасаңыз, осы азық-түліктерді абайлап, аз-аздан жеу керектігін естен шығармаңыз.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:

Арықтауға дәрумендердің де пайдасы зор