​Қарынның тез ашуына жол бермейтін 10 азық-түлік

0
1 349

Көлемі кішкентай болғанына қарамастан жұмыртқа да қарынның тоқ жүруіне әсер ете алады. Оның құрамында ақуыз көп.


​Қарынның тез ашуына жол бермейтін 10 азық-түлік


Сіз семіздікке бейімcіз бе? Ендеше бүгіннен бастап тамақтану рационыңызға мына азық-түліктерді қосыңыз. Ол үшін алдымен азық-түліктің құрамына мән беріңіз. Ақуыз бен жасұныққа бай мұндай тағамдар ұзақ уақыт бойы қарынның ашуына жол бермейді.


Қайнатылған немесе пеште піскен картоп

Диета ұстайтын жандардың көбі картоптан бас тартатыны анық. Дегенмен картоптың құрамында дәрумендер мен микроэлементтер, жасұнық өте көп. Қарынды тоқ қылатын азық-түліктердің арасында картоп бірінші орында тұр деп айтуға да болады. Бірақ картоп пайдалы болу үшін оны май қоспай пісіру керек. Осындай картоптың бір-екі данасын жеген жеткілікті.


Жұмыртқа

Көлемі кішкентай болғанына қарамастан жұмыртқа да қарынның тоқ жүруіне әсер ете алады. Оның құрамында ақуыз көп. Сонымен қатар 9 түрлі аминқышқылдары бар екен. Жұмыртқаның ақуызы да, сары уызы да өте пайдалы. Онда ақуыз, пайдалы заттар жетерлік. Жұмыртқада калория соншалықты көп емес, бірақ таңғы асқа таптырмас тағам болары сөзсіз.


Сұлы

Қарынның тоқ жүруіне айтарлықтай әсер ететін үшінші орындағы тағам бұл – сұлы. Сұлының қайнатып жейтін түрін сатып алған дұрыс. 15-20 минут қайнаған сұлыны жей беруге болады. Болмаса түнде суға салып қойып, таңертең кептірілген жемістермен жеуге дайын тұрады. Бірақ та таңертең сұлыны бір қайнатып жіберіп, содан кейін жей беруге болады. Сұлы қарынның ұзақ уақыт бойы ашпауына көмектеседі.


Сорпа

Сорпаны көбіне түскі немесе кешкі асқа дайындаған дұрыс. Бұл тағам адамның бойын нәрлендіріп, бойына күш-қуат береді. Өте дәмді тойымды сорпаны тауық немесе күркетауық етінен, көкөністермен бірге дайындаңыз.


Дәндер

Ақуыз бен жасұнықтың қайнар көзі фасоль, асбұршақ, жасымық екені даусыз. Осылардың ішінен әркім өзіне ұнайтынын таңдап алып, қайнатып жеу беруіне болады.


Алма

Ғалымдардың зерттеуіне сүйенер болсақ, алма да қарынның тоқ жүруіне ісер етеді екен. Ол үшін алманы пеште пісіріп алған дұрыс. Сонда қарынның ашқаны басылып, басқа тағам іздемейтін боласыз.


Балық

Ақуызға бай азықтардың бірі – балық. Балықты қайнатып немесе буда пісіріп жеген дұрыс. Пеште пісіруге де болады. Балықты қалағаныңызша жеп, сонда да семіздіктен арылуға мүмкіндігіңіз бар.


Майсыз ет

Балық секілді майсыз тауық, күркетауық және бұзау еті өте пайдалы. Осылардың ішіндегі калориясы тым азы күркетауық еті болып табылады. Сол себепті де бұл етті қанша жесеңіз де, еш семірмейсіз.


Сүзбе

Сүзбені арықтағысы келетіндерге қантсыз жеуге кеңес береміз. Бұл тағамды бесін асқа тіскебасар орнына жеуге болады. Сүзбені қантсыз, жесе, оның құрамындағы кальций толықтай ағзаға сіңеді екен.


Көкөністер

Күнделікті негізгі тамақты жемес бұрын, көкөніс салатын жеу керектіңгін ұмытпаңыз. Сүзбеге азырақ май немесе йогурт қоссаңыз, өте дәмді болып шығады. Тамақтанудан бұрын көкөніс салат жеу арқылы қатты ашып тұрған қарынға жан бітіріп, қарынның жартысын салатпен толтырыңыз. Сонда көп тамақ жемей, пайдалы салатқа көбірек орын берген боласыз. Осылайша сіз де семіздіктен арылып, бойыңыздағы үрейден құтылатын боласыз.

ЕСКЕРТУ! Кез-келген емдік немесе салмақ тастауға (қосуға) арналған әдісті дәрігермен кеңесуден кейін ғана қолданыңыз!

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


ХИТ болған смузилер расында арықтауға көмектесе ме?