ХИТ болған смузилер расында арықтауға көмектесе ме?

0
1 002

Аталмыш смузилар ағзадағы артық сұйықтықты сыртқа шығарып, майларды жиыруға септігін тигізеді.


ХИТ болған смузилер расында арықтауға көмектесе ме?

Қазіргі кезде инстаграм желісіндже хитқа айналған ең көп тараған смузилардың бірі - балдыркөк пен киви қосылған түрі. Аталмыш смузи ағзадағы артық сұйықтықты сыртқа шығарып, майларды жиыруға септігін тигізетінін айтады диетологтар.


Балдыркөк пен алма қосылған смузи

Қажетті қоспалар:

  • 1 дана киви
  • 30 гр. балдыркөк
  • 1 дана алма
  • 10 гр. салат жапсырағы
  • 5 гр. ақжелкен көгі
  • 50 мл газсыз минералды су.

Дайындалуы:

  1. Алдымен алма, балдыркөк, киви мен ақжелкенді тазалап жуып, кептіріп аламыз.
  2. Алманы орташа көлемде текшелеп турап, кивидің қабығын аршып, оны да дәл солай тураңыз.
  3. Туралған алма мен кивиді блендерге салып, араластырыңыз. Біркелкі массаға айналғанда, туралған балдыркөк, ақжелкен және салат жапырағын блендерге салыңыз. Барлығы толықтай араласқан уақытта 50 мл су қосып, тағы бір араластырып жібересіз. Егер смузи қоюлау болып шықса, тағы да 30 мл-дей су қосуға болады.
  4. Дайын смузиді бокалға құйып, шет-шетін аскөкпен әсемдеп іше беруге болады. Дәмі кіру үшін шым-шым тұз немесе азырақ бал қосуға мүмкіндігіңіз бар.


Банан мен алмадан дайындалған смузи



Қажетті қоспалар:

  • 350 мл сүт
  • 1 дана банан
  • 2 дана киви
  • 1 дана алма
  • 1 ас қасық бал

Дайындалуы:

  1. Кивидің қабығын аршып алып, жұқалап тураңыз.
  2. Бананның да қабығын аршып, ірілеп турау керек.
  3. Алманы жуып, қабығын аршып, дәндерін тазалап, бірнеше бөлікке бөлсеңіз жеткілікті.
  4. Блендерге барлық туралған жемістерді салып, бал қосып, сүтті құйыңыз да, барлығын жақсылап араластырыңыз.
  5. Біркелкі массаға айналғанда бокалға құйып іше беруге болады.


ЕСКЕРТУ! Кез-келген емдік немесе салмақ тастауға (қосуға) арналған әдісті дәрігермен кеңесуден кейін ғана қолданыңыз!

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Фитнес-диета - салмақ тастаудың заманауи түрі