Құлпынаймен ​4 күнде 2 келі салмақ тастауға болады

0
857

Күнделікті осы жидекті ас мәзіріне қосу арқылы семіздіктен арылып, сымбатты бола түсесіз, әрі жүрек жұмысы жақсарып, қан қысымы қалыпқа келіп, бауыр тазарады.


 Құлпынаймен ​4 күнде 2 келі салмақ тастауға болады


Құлпынай - өте пайдалы жидектердің бірі. Оның құрамында С дәрумені өте көп. Сонымен қатар фолий қышқылы, жасұнық, пектин, каротин, темір, йод, кальций, фосфор, марганец, Е, В9, РР, В сынды минералды заттар мен дәрумендер бар. Осындай бай құрамының арқасында құлпынай ағзаны түрлі аурулардан қорғап, қабынуға қарсы әсері күшейе түседі.

Өте дәмді жидектің көмегімен еш қиналмай салмақ тастауға болады. Себебі жоғарыда айтып өткеніміздей құлпынайдың бойындағы антиоксиданттар адамның бойына күш-қуат беріп, сергітетін қасиетке ие. Күнделікті осы жидекті жейтін болсаңыз, жүрек жұмысы жақсарып, қан қысымы қалыпқа келіп, бауыр тазарады. Ең маңыздысы құлпынай арықтауға септігін тигізетін зат алмасу процесін жақсартатынын естеріңізге саламыз.

Ендеше 4 күнге арналған диета мәзірімен таныс болыңыз!


1-күн

Таңғы ас: Құлпынай қосылған йогурт. (200 гр. Құлпынайды блендермен езіп, 200 гр. Майсыз сүтпен араластырасыз).

Түскі ас: Жеміс-жидектерден дайындалған салат (100 гр. құлпынай, 1 дана көк алма, 1 дана банан, 1 шай қасық бал).

Кешкі ас: Құлпынай мен сүт езбесі (100 гр. құлпынайды сүтке езесіз).


2-күн

Таңғы ас: Құлпынай қосылған йогурт. (200 гр. құлпынайды блендермен езіп, 200 гр. майсыз сүтпен араластырасыз).

Түскі ас: Құлпынай мен спаржа салаты (100 гр. ақ спаржа мен 150 гр. балғын құлпынай, 1 дана қияр, 100 гр. қайнатылған 100 гр. тауық еті, 1 шай қасық йогурт).

Кешкі ас: Картоп пен құлпынай қосылған тойымды салат (300 гр. қайнатылған картоп, жарты бөлік пияз, азырақ балдыркөк, 100 гр. құлпынай, 50 гр. майсыз сүзбе, 5 гр. ақжелкен, 1 шай қасық лимон шырыны, дәміне қарай тұз, бұрыш).


3-күн

Таңғы ас: Құлпынай қосылған йогурт (200 гр. Құлпынайды блендермен езіп, 200 гр. майсыз сүтпен араластырасыз).

Түскі ас: Құлпынай қосылған бутерброд (2 тілім қара нан, 50 гр. майсыз сүзбе, 100 гр. құлпынай).

Кешкі ас: Құлпынай мен сүт езбесі (100 гр. құлпынайды сүтке езесіз).


4-күн

Таңғы ас: Құлпынай қосылған йогурт. (200 гр. құлпынайды блендермен езіп, 200 гр. майсыз сүтпен араластырасыз).

Түскі ас: Жеміс-жидектерден дайындалған салат (100 гр. құлпынай, 1 дана көк алма, 1 дана банан, 1 шай қасық бал).

Кешкі ас: Құлпынай мен сүт езбесі (100 гр. құлпынайды сүтке езесіз).


Құлпынай диетасы кімдерге ұсынылады?

Егер сіз күні бойы құлпынайдан дайындалған тағамдар мен сүт өнімдерін ішіп-жеуге дайын болсаңыз, аталмыш жидекті жегенді қатты жақсы көрсеңіз, бұл диета сізге арналады.Сонымен қатар, құлпынаймен бірге ағзаға пайдалы басқа да жидектерді қосуға мүмкіндігіңіз бар.


Қарсы көрсетілімдері де бар

Құлпынай диетасы аллергияға бейім жандарға мүлде ұсынылмайды. Алғашқы 2 күнде құлпынайдың ағзаңызға әсерін байқап, ешқандай кері әсерін байқамасаңыз, диетаны ары қарай жалғастыра берсеңіз болады. Егер бірінші күннен-ақ асқазаныңызда ауырлықты байқап, денеңізде бөртпелер пайда бола бастаса, диетаны сол жепден үзген дұрыс. Асқазан жарасы мен қышқылдылығы жоғары жандарға диета ұстамаған абзал. Бұдан бөлек, өтіне тас байланғандарға да құлпынайды абайлап жеу ұсынылады.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


45 жыл педагог қызметін атқарған ұстаз жас көрінуінің құпиясымен бөлісті