​Күзде сұлу сымбатты бақылауда ұстау қиын ба?

0
1 843

Диетологтар жаз өткеннен кейін салмақ жоғалту көктемге қарағанда әлдеқайда қиын екенін айтады.


​Күзде сұлу сымбатты бақылауда ұстау қиын ба?


Күз мезгілінде қалыңдау киінетіндіктен бе, қыз-келіншектер фигурасына көп мән бере бермейді. Себебі онша-мұнша артық майлар мен келіспей тұрған жерлерді киім жауып қалатынын білеміз. Алайда мамандар күзде сымбаттың сыр беруіне белсенділіктің төмендеуі себеп болуы мүмкін дейді.

Жаңбырлы кештерде ыстық шай ішіп, қазанға ет салып, тапжылмай жатқыңыз келетіні жасырын емес. Мұндай әрекеттің пайдасынан зияны басымдау. Көп қимыл-қозғалыс жасамағандықтан салмағыңызға салмақ қосып, май қабаттарын денеңізге жинай бастайсыз.

Дүние жүзіндегі диетологтар жаз өткеннен кейін салмақ жоғалту көктемге қарағанда әлдеқайда қиын екенін айтады. Әсіресе егде жастағы адамдарда жаздан кейін семіру қаупі жоғары. Ауа-райының салқындауына байланысты олар сыртқа сирек шыға бастайды. Бұған метаболикалық процестердің баяулауы, созылмалы аурулардың өршуі және басқа да жасқа байланысты проблемалар қосылуы ғажап емес.


Артық салмақтың артуына мына жағдайлар да әсер ететінін біле жүріңіз:

Белсенділіктің төмендеуі

Көбісі күз - жылдың ең сүйікті мезгілдерінің бірі деп санайды. Күзде жапырақтар сарғайып, айнала сап-сары күйге енеді. Үйлерде жылу қосылады, түнде жаңбырдан жақсы ұйықтайды. Алайда, мұның бәрі физикалық белсенділікке теріс әсер етеді. Табиғатта демалуға және спортқа аз уақыт бөлінеді, бұл қосымша әсерлердің пайда болуына әкеп етеді. Күндізгі жарықтың азаюына байланысты кешкі жүгіру мен серуендеу қысқа болады немесе жылы күндерге дейін кейінге қалдырылады. Бұл ауа-райының айтарлықтай нашарлауына байланысты.

Осы кезеңде спорт залдары мен спорттық кешендерге бару ұсынылады. Бүгінгі таңда жүзу немесе гимнастика сияқты көптеген әртүрлі бөлімдер бар. Мұндай шешім жалпы әл-ауқат пен фигураға жағымды әсер етеді. Жаңа белсенді хоббиді табыңыз. Тек дұрыс тамақтануды сақтау арқылы ешқандай нәтижеге қол жеткізуге болмайды. Сүйікті іспен айналысу кезінде калорияларды жоюға болатынын ұмытпаңыз.

Күзде күн ерте бататындықтан 22:00-ден кейін теледидар немесе компьютер қарамаған дұрыс. Себебі күн ерте батқаннан кейін метаболизм айтарлықтай төмендейді. Бұл уақытта дене ұйықтауға дайындалады, ал экраннан шыққан сәуле оны шатастырады. Сондықтан да жатар алдында сәуле тарататын құрылғыларға жақындамағаныңыз абзал.


Маусымдық өзгерістер


Әр маусым басталар уақытта адамдар киім кию үлгісін өзгертіп, сол мезгілге сай киінуге асығады. Сол секілді әр мезгілдің өзіндік тамақтану рационы да болады. Бұл уақытта күн салқындайтындықтан жемістер мен көкөністердің бағасы да айтарлықтай қымбаттай бастайды. Соған сәйкес адамдар тамақтану рационына бұл азық-түліктерді жиі қосуды жоспарламайды. Алайда тағамға жаңа піскен көкөністер мен жемістерді қосу маңызды.


Фаст-фудты көп жеу

Суық ауа райының басталуы фаст-фудқа деген сұранысты арттыра түседі. Себебі адамдар көшеде аз уақыт өткізуді жөн көріп, аштықты тезірек басатын мекемелер іздейді. Сонымен қатар, қуырылған картоп пен арзан етке тапсырыс береді, ол тек жылдам көмірсулар мен басқа да зиянды заттардан тұрады. Мұндай маусымдық өзгерістерден аулақ болу керек, өйткені сіз күз мезгілін дәл осылай өткізетін болсаңыз, қазіргі өлшемнен екі өлшемге үлкен киімді қалай кигеніңізді байқамай қаласыз.


Мерекелік кештер мен той-думан

Күзде мерекелік кештер мен той-думан жиі жасалатыны жасырын емес. Бұған қоса адамдар отбасылық түскі ас, достарымен кездесулер ұйымдастырады. Дегенмен күзде мұндай жағдайлардан шығудың да амалдары бар. Ол үшін әр кездесуді дастархан басында зиянды тағаммен атап өтудің қажеті жоқ. Дастарханға қойылған ең пайдалы тағамдарды ішіп-жеп, жеміс-жидектен ауыз тиіп, жақсы демалып қайтуға болады. Сонымен қатар, би алаңына шығып би билеп, ойындарға қатысып, белсенді болуға кеңес береміз.


Д дәруменінің жетіспеушілігі

Табиғи жарықтың азаюы D дәрумені деңгейінің төмендеуіне әкеледі, бұл шаршау сезіміне әсер етеді, белсенділіктің төмендеуіне әкеледі. Көбісі компьютерде, теледидарда немесе телефонда жиі отыра бастайды. Аштықтың күрт өсуін де байқауға болады. Кейде аштық сезімі шөлдеу болуы мүмкін. Күні бойы жеткілікті мөлшерде су ішіңіз. Өзіңіз үшін ақылға қонымды шектеулерді анықтаңыз және оларды ұстануға тырысыңыз. Егер сіз өзіңізді дәмді нәрсемен қуантуды шешсеңіз, оны саналы түрде және қалыпты түрде жасаңыз. Сондай-ақ, D дәрумені деңгейін қалпына келтіруге көмектесетін көптеген әртүрлі қоспалар бар, мұндай шешім белгіленген диетаны ескере отырып қабылдануы керек.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:

АРТЫҚ САЛМАҚ: семіздік те ауруға жатады