​Май басуға тосқауыл қоятын ас мәзірі

0
819

Семіздікке бой алдырғандардың көбі қант диабетіне, бауыр аурулары мен жүрек-қан тамыр ауруларына шалдығады екен.


​Май басуға тосқауыл қоятын ас мәзірі

Май басу – әрбір сағат сайын, әрбір күн сайын жай-жай денеде пайда болатын процесс. Оны адамның өзі білмей де қалуы мүмкін. Бұрынғыға қарағанда толысып кеткенін сезгенмен, оған көп мән бере бермейді. Сол себепті де бауырын немесе жүрегін май басқан кезде шынында да семіздікке бой алдырғанын түсініп жататын жандар бар. Алайда көбі мойындай бермейді. Семіздік те аурудың бір түрі екенін түсінгісі келмейді.

Қазіргі таңда май басу ең актуалды мәселелердің біріне айналып барады. Кейбір елдерде бұл мәселе тіпті ушығып тұр деуге болады. Бірақ та май басудан арылуға және де алдын алуға мүмкіндік бар екенін ұмытпайық. Өйткені семіздік сымбатты бұзып қана қоймай, бірнеше физиологиялық, психологиялық бұзылыстарға әкеліп соқтыруы ғажап емес. Ал май басудан арылу үшін бірінші кезекте тамақтану тәртібін өзгерту керек дейді мамандар.

Ең қорқыныштысы семіздікке бой алдырғандардың көбі қант диабетіне, бауыр ауруларына, жүрек-қан тамыр ауруларына шалдығады екен. Артық май ішкі ағзалардың жұмысына кері әсер етіп, мынадай аурулар пайда болады:

  • Гипертония
  • Альцгеймер
  • Инсульт
  • Артрит
  • Тамырлардың кеңеюі
  • Стенокардия
  • Ерлер импотенциясы
  • Инфаркт
  • Депрессия
  • Тыныс алу жүйесінің бұзылуы
  • Остеоартрит
  • Атеросклероз және т.б.

Осындай ауруларға шалдықпас үшін тамақтану рационына көңіл бөліп, оның құрамында амин қышқылдары мен күнделікті қажетті дәрумендер мен минералдардың жеткілікті екеніне көз жеткізу керек. Егер сіз семіздіктен арыла алмай жүрген болсаңыз, бүгіннен қалдырмай мына тамақтану тәртібіне көшіңіз!


1 күнге арналған ас мәзірі

Таңғы ас:

100 гр. қайнатылған ет немесе пеште піскен 100 гр. балық, қайнатылған немесе пеште піскен қызылша, қантсыз кофе, көкөністерден дайындалған рагу, жемістер езбесі.

Түскі ас:

150 гр. ет қосылмаған борщ, майсыз сүзбе, кептірілген жемістерден дайындалған нәрсу.

Бесін ас:

Балғын алма немесе апельсин, алмұрт.

Кешкі ас:

Сарымсақ пен сәбіз салаты, қарақұмық ботқасы, ұйқыға жатар алдында 1 пайыздық 1 стақан айран ішуге болады.

Егерде осы мәзір бойынша тамақтанып, денсаулығыңыз бен сымбатыңызды қолға алатын болсаңыз, діттеген мақсатыңызға жетесіз. Май басудан арылып, ауру-сырқауды ұмытатын боласыз. Бәрі де өз қолыңызда!

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Мұны жасасаңыз, 40 күнде "ТАП-ТАЗА" адам боп шыға келесіз