​Аязда денеңізді жылыту үшін жаттығу жасаңыз

0
953

Әсіресе, аялдамада автобус күтіп тұрғанда, кезекте тұрғанда жасасаңыз, жаурамайсыз!


​Аязда денеңізді жылыту үшін жаттығу жасаңыз

фото: bangkokbook.ru

Қыстың күнінде бүрсеңдемеген адамды көрмейсіз. Көше бойында екі иығын қысып алып, томпаңдап кетіп жатқан адам. Соның бірі – өзіміз. Жан-жағымызға қарауға шамамыз да келмейді. Бастысы аяғымыз тайып, оқыс құлап кетпесек деген тілегіміз бар. Ал аялдамада автобус күтіп тұрғанда немесе банкоматта кезекте тұрғанда тоңып қалмау үшін мына жаттығуды жасау керек. Сонда аязды күні ұзақ уақыт бойы көшеде тұру сізге қиындық тудырмайды.


Денеңізді шынықтырыңыз

Ағзаңызда қан айналым жақсы болса сіз тоңбайсыз. Суықты сезбейсіз. Сондықтан да қан айналымды жақсарту керек. Оны жақсарту үшін сыртқа шықпас бұрын әрекет жасаңыз. Мәселен, оңға-солға иілу, алға-артқа тербелу, аяқ-қолды сермеу, алға қарай еңкею қан айналымын жақсартуға ықпал етеді. Бірақ терлемеуді қадағалаңыз. Әйтпесе, барлық күш-жігер бекер болады. Мұндай жағдайда үйден шықпай-ақ ауырып қалуыңыз мүмкін.

Баяу тыныс алып, жылдам жүріңіз

Көшеге шыққан кезде мейлінше сақтық амалдарын жасап, тез жүруге тырысыңыз. Сонымен бірге баяу тыныс алу керек. Бұл суыққа бейімделуге және тезірек жылынуға септігін тигізеді.

Денені жылытуға өткір, қысқа дем шығару да керемет көмектеседі.

Оған қоса, мұрын арқылы тыныс алу және ауыз арқылы дем шығару да тоңбауға үлес қосады. Мұрын арқылы демалу тыныс жолдарын аурудан қорғай алады. Өйткені аяды күні ауыз арқылы дем алсаңыз, суық тию қаупі жоғары болмақ.

Шираңыз және демалыңыз

Аязды күні бір орында тапжылмай тұрғанша, жүрсеңіз әлде-қайда пайдалырақ әрі тоңбайсыз. Ал автобус күтіп тұрғанда жүрудің реті келмейді. Аялдамада тұрып еңкейіп немесе бұралып жаттығу да жасай алмайтыныңыз анық. Ең дұрысы – денеңізді қатты қысыңыз, яғни шираңыз. Сосын баяу қимылмен босатып, демалыңыз. Жаттығуды бірнеше рет қайталасаңыз, денеңіздің жылынғанын сезесіз.

фото: вс-63.рф

Аяғыңызды жылытыңыз

Егер сіздің аяқтарыңыз тоңып, икемге келмей жатса, дереу қан айналымды жақсартуға әрекет жасаймыз. Аяқтағы қан айналымын жақсарту үшін саусақтарымызды қимылдатамыз, аяқты жан-жаққа қарай бұраймыз, өкшеден аяқтың ұшына және аяқтың бүйір жағына қарай қисайтамыз, бір орында тұрып жүгіреміз, секіреміз. Мұның бәрін бір уақытта жасауға болады.

Қолымызды жылытамыз

Қолыңызды жылытуды білектен бастаңыз. Алдымен алақанымызға массаж жасаймыз. Ол үшін алақандарыңызды бір-біріне ысқылаңыз немесе саусақтарыңызбен алақаныңызды уқалаңыз. Егер қолыңызды қалтаңыздан шығарғыңыз келмесе, онда қалтадағы кез келген зат (кілт, телефон) арқылы да массаж жасауға болады. Бар болғаны сол затты алақаныңызбен қысып, қайта жібересіз. Осы әдіс арқылы қолыңыздың қызғанын байқайсыз.

Бүкіл денені жылытыңыз

Егер сіз құлағыңыздың ұшынан, аяғыңыздың ұшына дейін мұздап, тоңа бастасаңыз, тұрмаңыз. Алды-артыңызға қарамай жүгіріңіз. Сізге А нүктесінен В нүктесіне дейін жүгірудің қажеті жоқ. Бар болғаны бірнеше қадаммен қысқа ғана жүгіресіз. Жаяу жүріп келе жатсаңыз, жүгіріңіз. Ең бастысы – дұрыс тыныс алуды қадағалаңыз және суық ауа жұтудан сақтаныңыз. Мейлінше мұрын арқылы тыныс алып, ауыз арқылы дем шығаруға әдеттеніңіз.

Қайсы жаттығуды жасасаңыз да, қандай амал қолдансаңыз да денсаулығыңыз үшін аянып қалмаңыз. Себебі тоңу, мұздаудың соңы сізді ауруға әкеледі. Саулығыңызды сақтауға асығыңыз!


Дереккөз: sport-rb.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Ота жасатқандарға қандай жаттығумен айналысу керек?


Тыныс алу жаттығулары тұмаудан қорғайды