​БАУЫР ауруына ем болатын ЖАТТЫҒУ

0
1 096

Бауырдың, өт қабының, ұйқы безінің және ішектің саулығын жақсартатын бес-ақ жаттығу


​БАУЫР ауруына ем болатын ЖАТТЫҒУ

фото: okulovka-adm.ru

Панкреатит және холецистит – бірге жүретін ас қорыту жолдарының қабыну аурулары. Көп жағдайларда холецистит созылмалы панкреатиттің асқынуы болуы мүмкін, ал кейде холецистит енді ғана басталған панкреатитке әкелуі мүмкін.

Олардың ортақ белгілері – адам өмірін түбегейлі өзгертетіні және екі ауруды емдеудеқоданылатын әдіс бірдей. Кез келген дәрігер аталған аурудан айығу үшін арнайы диета мен дәрілік терапия ұсынады. Ал біз өз кезегімізде қарапайым дене жаттығуларын жасау арқылы да дертіңізге дауа таба алатыныңызды айтқымыз келеді.

Бұл жаттығуларды жасаған кезде өт қабы мен ұйқы безінің саулығы жақсарып, жұмысы жеңілдейді. Оған қоса, ұйқы безіндегі қан айналымы жақсарады және ішектер бір мезгілде белсенді жұмыс істейді.

Ұсынылған жаттығуларды кез келген уақытта жасауға болады. Тіпті кешке орындау да өз пайдасын тигізбек.


Ережені ескеріңіз!

Бауырға, ұйқы безі мен өт қабына арналған жаттығулар баяу және біркелкі орындалады. Егер жаттығу барысында өзіңізді жайсыз сезініп, ауырсыну байқалса немесе қан қысымы жоғарыласа, дереу тоқтағаныңыз дұрыс. Жаттығуды тегіс, қатты жерде жасаңыз. Басыңыздың астына кішкентай жастық қоюды ұмытпаңыз.

Дайын болсаңыз, бастаймыз!


1-жаттығу

Еденге шалқаңыздан жатасыз. Аяқтарыңызды бүгін, табаныңызды еденге қойыңыз. Бүгілген аяқтарыңызды асқазанға қарай мүмкіндігінше баяу тартыңыз. Сосын баяу және оқыс қимылсыз аяқтарыңызды еденге түсіріңіз. Бұл жаттығуды физикалық дайындығыңызға байланысты 5-10 рет орындаңыз.

фото: okulovka-adm.ru

2-жаттығу

Жатқан күйде қолыңызды басыңыздың артқы жағына қойыңыз, бірақ оларды қыспаңыз. Оң шынтағыңызды сол жақ тізеңізге қарай тартыңыз, сол аяғыңызды ақырын төмен түсіріңіз. Сол жақ шынтағыңызды оң тізеңізге қарай тартыңыз, оң аяғыңызды төмен түсіріңіз. Ешбір жағдайда бастың артқы жағын қолыңызбен тартпаңыз, қолдарыңыз бастың артқы жағында еркін тұруы керек! Бұл жаттығуды әр бағытта 4-6 рет орындаңыз.


3-жаттығу

Бұл жаттығуды да жатқан күйде орындайсыз. Қолыңыз әдеттегідей басыңыздың артында болу керек. Екі аяқты шынтағыңызға қарай ақырын тартыңыз. Аяғыңызды баяу түсіріп, басыңызды бастапқы қалыпқа келтіріңіз. Жаттығуды 4-8 рет орындаңыз.


4-жаттығу

Бұл жаттығу алдыңғыларға қарағанда қиынырақ. Егер сіздің жасыңыз 60-тан асқан болса немесе қан қысымының жоғарылауына бейім болсаңыз, онда бұл жаттығуды жасамай-ақ қойыңыз. Егер жоғарыдағы жағдайлар мазаламаса онда кірісе беріңіз.

Бұл жаттығуды жасайтын кезде етбетіңізбен жатасыз. Аяқтарыңызды түзу созыңыз, ал қолды екі жаққа жібересіз. Денеңізді баяу және тегіс жоғары қарай көтеріңіз. Иықты мүмкіндігінше қысыңыз және баяу бастапқы қалыпқа түсіріңіз. Жаттығуды 5-10 рет қайталаңыз.

фото: okulovka-adm.ru


5-жаттығу

Жаттығуды отырып орындайсыз. Жайғасып отырып, қолдарыңызды қабырға астына асқазанға қойыңыз. Ішіңізбен тыныс алыңыз. Асқазанды сыртқа шығарып, терең дем алыңыз, содан кейін дем шығарған кезде алақанмен асқазанды жеңіл басып, терең дем алыңыз. Бұлай тыныс алуды 5-12 рет қайталаңыз.

Ем болатын бұл кешенді жаттығулар панкреатит пен холециститті ұзақ мерзімге емдеп, денсаулық жағдайын қалыпқа келтіре алады. Дертіңізден түбегейлі айығу үшін ішкі ағзаларға арналған гимнастика жасау жеткіліксіз. Сіз үнемі диетада жүріп, салауатты өмір салтын ұстануыңыз керек. Аурулар асқынған жағдайда дереу дәрігермен кеңесу маңызды.

Шығыс халқы бауырды үлкен патшайым, ал ұйқы безін ханшайыматайды екен. Осыдан-ақ бұл екеуінің өте маңызды орган екенін аңғаруға болады. Ендеше, саулығымыз үшін өте маңызды болған ағзаны сау қалпында сақтайық!


ЕСКЕРІҢІЗ!

Өт қабында тас болса, панкреатиттің немесе холециститтің қатты асқынуы кезінде жаттығу жасауға болмайды!


Дереккөз: dzen.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Артық САЛМАҚТАН арылтатын супер ЖАТТЫҒУ


БОСАНҒАН соң әр ӘЙЕЛ жасауы тиіс ЖАТТЫҒУ