​БОСАНҒАН соң әр ӘЙЕЛ жасауы тиіс ЖАТТЫҒУ

0
1 792

Ішіңіз тартылып, сымбатыңыз сымдай болады.


​БОСАНҒАН соң әр ӘЙЕЛ жасауы тиіс ЖАТТЫҒУ

фото: triptonkosti.ru

Дүниеге бала әкелген әрбір әйелдің арқасы мен жамбас аймағында ауырсыну болады. Бұл табиғи жағдай. Өйткені босанғаннан кейін іш бұлшықеттерінің тонусын қалпына келтіру үшін біз әрекет жасамаймыз. Кейбіріміз ғана белімізді байлап жүреміз. Ауыр көтермеуге тырысамыз. Ал көпшілік жас аналар мұны қажет етпейді. Денсаулығына аса мән бермейді. Иә, перзентханадан шыға салысымен сізді ешқандай ауру мазаламауы мүмкін. Уақыт өте келе сыр береді.

Сондықтан да денеңізді қалпына келтіру үшін ең тиімді ұсыныс – жаттығу жасау екенін біліңіз. Босанған кез келген аналарға 6 айдан кейін жасауға болатын жеңіл әрі пайдалы жаттығуларды ұсынамыз.


Неден бастаймыз?

Жаттығуға кірісуден алдын денеңізді дайындап, буындарды шынықтырыңыз. Қол-аяғыңызды ары-бері қозғап, алға-артқа иіп, айналдырып қыздырып алу керек. Сонан соң ұсынылған жаттығуларды ретімен баяу қарқынмен орындаңыз.


Ішке вакуум жасаңыз

Тізерлеп отырасыз. Денеңізді алға еңкейтіп, алақаныңызды иығыңызға қойыңыз. Терең дем алыңыз, содан кейін демді шығарасыз. Ішіңізді тартып, қайта босаңсытып, дем алыңыз. Бұл жаттығуды 5-6 рет қайталауға болады.


Денеңізбен бұралыңыз

Еденге шалқаңыздан жатыңыз. Тізеңізді бүгіп, өкшеңізді еденге қойыңыз. Қолыңызды басыңыздың артына қою керек. Дем алған кезде денеңізді сәл алға және жоғары қарай бұраңыз, иық еденнен көтерілмеу керек. Осылайша 5-10 секунд жатыңыз. Қиын болмаса жаттығуды бірнеше рет қайталаңыз.

фото: 101hairtips.com

Аяғыңызды көтеріңіз

Екінші жаттығудағыдай жатасыз. Яғни, еденге шалқаңыздан жатып, тізеңізді бүгіп, өкшеңізді еденге қоясыз. Қолыңыз басыңыздың артына тұру керек. Енді аяғыңызды жоғары көтеріңіз, жамбастың көтерілмеуін қадағалаңыз. Демалған кезде денеңізді сәл алға және жоғары қарай бұраңыз, иығыңызды да еденнен көтеріңіз. Осы әдісті 5-10 секунд ұстаңыз. Жаттығуды бірнеше рет қайталауға болады.


Шалқаңыздан жатып жаттығыңыз

Еденге жұқа төсеніш төсеп алыңыз. Сосын шалқаңыздан жатасыз. Құйымшақтың еденге тиіп тұрғанын қадағалаңыз. Терең дем алып, содан кейін дем шығарыңыз және ішіңізді қабырғаларыңыздың астына аздап тартыңыз. Содан кейін ішіңізді босаңсытып, дем алыңыз. Бұл жаттығуды 5-6 рет орындауға болады.


Бүйірмен жаттығыңыз

Едендегі төсенішке оң жағыңызбен жатыңыз. Оң жақ шынтағыңызды бүгіп, оң білегіңізге сүйеніңіз. Тізеңізді бүгіңіз. Жамбасыңызды еденнен көтермей, сол қолыңызды беліңізге қоясыз. Сонан соң іштің бұлшық еттерін белсенді түрде жұмыс істетіңіз. Бұл қалыпта 10-15 секунд жатасыз.

Дәл осы әрекетті сол жақпен де орындаңыз. Жаттығуды мүмкіндігіңізге қарай бірнеше рет қайталаңыз.


Қырыңызбен жатып аяғыңызды көтеріңіз

Оң жағыңызбен жатасыз. Оң қолыңызды басыңыздың артына қойып, сол қолыңызды беліңізге қоясыз. Аяғыңызды созасыз. Іштің бұлшық еттерін тартып, аяғыңызды еденнен жоғары көтеріңіз. Осылайша 2 секунд жатасыз. Содан кейін аяқтарыңызды төмен түсіріңіз. Бұл жаттығуды 7-10 рет қайталау керек.

Содан кейін жаттығуды сол жағыңызбен қайталайсыз.


Жеңіл жаттығу

Тізерлеп отырып, қолыңызды алға қарай созыңыз. Сосын аяқтарыңызды кезек-кезек алға қарай созып, жаттықтырыңыз. Денеңіздің қозғалмауын қадағалаңыз. Жаттығу кезінде іштің, арқаның және аяқтың бұлшықеттерін белсенді түрде жұмыс істетіңіз. Бұл қалыпта 8-10 секунд жұмыс істейсіз.


Жаттығуды жасаудан алдын жағдайыңызға мұқият қараңыз. Алғашқы күндері 5-10 реттен қайталау жеткілікті болады. Бірте-бірте денеңіз бейімделіп, бұлшықет үйренген кезде жаттығу санын көбейте аласыз. Жаттығуды аптасына екі рет орындаңыз.


Ескерту! Жаттығу жасаудан алдын міндетті түрде дәрігеріңізбен кеңесіңіз!


Дереккөз: grand-clinic.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ТҮНДЕ аяқтың СІҢІРІ тартылып қалса...


Йоганың қандай пайдасы бар?