​Бұл жаттығу ИММУНИТЕТТІ нығайтады

0
1 692

Жаттығу ауруға қарсы вакцина


​Бұл жаттығу ИММУНИТЕТТІ нығайтады

фото: roliki-magazin.ru

Әрбір адам психикалық және физикалық денсаулығын жақсарту үшін жаттығу жасауы қажет. кез келген қозғалыс дененің белсенділігіне оң әсер етеді, энергияның көп мөлшері пайда болады және күнделікті стресстен аулақ болады.

Жаттығуды ауруға қарсы вакцина десек қателеспейміз. Өйткені шыныққан ағза мен дене кез келген жұқпалы ауруларға төтеп береді. Мүлде ауру жұқтырмайды деуден аулақпыз. Бірақ тез айығатыныңызға сеніңіз. Себебі жаттығу иммундық жасушалардың қорғанысын арттыруға көмектеседі. Бұл дененің әлдеқайда күшті болуына ықпал етеді.

Қозғалыс кезінде жүрек соғу жиілігі артады. Бұл иммундық жасушалардың көкбауыр мен өкпеден бастап, бүкіл денедегі вирустарды жояды.


Жаттығу иммунитетті қалай жақсартады?

Тұрақты жаттығулар жүрек-тыныс алу жүйесі мен қан ағымын жақсартады. Бұл денені күштірек әрі ауруға төзімді етеді. Иммундық жүйені нығайту үшін күніне 30-дан 60 минутқа дейін жаттығу жасау жеткілікті болады.


Неліктен жаттығу жасау соншалықты маңызды?

Жаттығу денедегі шиеленіс пен стрессті тиімді түрде жояды. Күніне бір сағат жаттығу жасасаңыз:

  • Ұйқыңыз тыныш болады әрі жақсы қанады;
  • Салмақты қалыпқа келтіреді;
  • Стресс азайып, алаңдаушылық жоғалады;
  • Көңіл-күйіңіз көтеріледі;
  • Төзімділік пайда болады;
  • Физикалық жағдай жақсарады;
  • Терінің және бұлшықеттердің тонусы жоғарылайды.

фото: choblogs.com

Жаттығу психикалық денсаулықты жақсартады

Жаттығу кезінде танымдық қабілеттердің жоғарылауы және күйзеліс пен алаңдаушылықтың төмендеуі байқалады. Тұрақты жаттығулар мидағы жақсы сезім гормоны деп аталатын эндорфиндерді шығарады.

Сонымен қатар, физикалық белсенділік кезінде серотонин гормоны шығарылады, ол жақсы көңіл-күй мен ұйқының реттелуіне жауап береді. Бұл өз кезегінде мазасыздықты, депрессияны, дүрбелеңді және әртүрлі психикалық бұзылуларды жояды.


Жаттығумен айналыспайтын адам қандай ауруға бейім келеді?

Физикалық белсенділіктің болмауы инфаркт қаупін арттырады. Жалпы отырықшы өмір салты жүрекке қауіп төндіреді. Одан бөлек:

  • Қант диабеті;
  • Семіздік;
  • Қан қысымының жоғарылауы;
  • Ұйқының бұзылуы секілді аурулар мазалайды.

фото: roliki-magazin.ru

Иммундық жүйені нығайту үшін мына 3 жаттығуды жасау керек

Тақтайша (планка)

Дене салмағына арналған жаттығулар – үйде орындауға болатын ең тиімді, жеңіл және практикалық дене жаттығуларының бірі болып табылады. Тақтаның арқасында салыстырмалы түрде қысқа мерзімде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізуге болады. Күшті іш бұлшықеттері арқаңызды тік әрі түзу ұстауға септігін тигізеді. Сондай-ақ иммунитетті нығайтудың тамаша тәсілі болып табылады.


Жамбасты көтеру

Жаттығуды жасайтын кезде шалқаңыздан түсіп жатасыз. Жаттығу жамбас пен бөкселерді белсендіреді, жамбас буынын тұрақтандыруға көмектеседі.


Тізе бүгу

Бұл өте қарапайым жаттығу. Тек аяқтарыңызды алшақ қойып, қолдарыңызды алға созып, жамбас еденге параллель болғанша еңкейесіз. Бұл жаттығу жамбас бұлшықеттерін күшейтумен қатар, іш бұлшықеттеріне де жақсы әсер етеді, дене қалпын жақсартады және арқаны тіктейді.

Иммундық жүйені нығайту үшін күні бойы жаттығу жасаудан сақтаныңыз. Адам денесі ұзақ сағат бойы жоғары қарқынды жаттығу жасауға арналмаған, өйткені мұндай белсенділік кезінде дене гликогенді (сақталған көмірсулар) тұтынады және стресс гормондарын шығарады.


Ендеше, үй жағдайында иммундық жүйеңізді күшейту үшін жаттығуды бастағыңыз келсе, баяу әрі аз-аздан жасаңыз.


Дереккөз: 4mass.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


САУСАҚ жаттығулары миды ОЯТАДЫ


ШПАГАТқа отырудың қандай ПАЙДАСЫ бар?