​Күн сайын 3 минут «ТҮЙЕ» қалпында тұрыңыз

0
980

Оның қандай пайдасы барын білесіз бе?


​Күн сайын 3 минут «ТҮЙЕ» қалпында тұрыңыз

Ішіңіз шығып, ал арқаңыз бүкір болып бара ма? Бет терісі салбырап, екінші иек жүйкеңізді жұқарта ма? Ендеше йога жаттығуларындағы «түйе» позасын (уштрасана) жасап көріңіз.


Бұл жылдам жаттығудың пайдасы өте көп:

  • іш пен бөксе тұсына жиналған майды ыдыратады
  • иық, арқа сүйектерін түзетіп, еңкіштікті болдырмайды
  • омыртқалар босаңсиды
  • денені сергітеді
  • бет терісі тартылып, жақ сүйектері айқын біліне бастайды
  • екінші иек кетеді
  • тыныс алу мен қан айналымы жақсарады
  • ағзадағы зат алмасу процестері жанданады
  • денедегі ісінуді кетіреді
  • асқазан-ішек жолын оятып, жақсы жұмыс істеуіне ықпал етеді
  • іш қатуын, колитті болдырмай, үлкен дәреттің уақытылы шығуына әсері бар
  • құрсақ тұсы мен мен бөксенің тартылып, жинақы көрінуіне мүмкіндік береді
  • аналық жыныс безінің жұмысы жақсарады
  • қалқанша және басқа да эндокринді бездердің жұмысын дұрыстайды

Сонымен қатар, түйе позасының елеулі қарсы көрсетілімдері жоқ. Оны тамырлардың варикозды кеңеюі, геморрой, диастаз болған кезде, сондай-ақ жүктілік кезінде жасауға болады.

Тек, егер сізде арқа сүйектерінде ауыр проблема, сырқат болғанда немесе қан қысымы жоғары болса ғана түйе позасын жасауға болмайды.


Қалай жасалады?

  • Еденге тізерлеп отырыңыз. Екі аяқты иық енінен сәл кеңірек етіп қойыңыз.
  • Табанды еденге жатқызбай, саусақты тірей көтеріп ұстаңыз. Өкше жіліншік деңгейінен аздап жоғары болуға тиіс.
  • Арқаңызды бүгіп, екі қолыңызды аяқтың ыңғайлы болатын кез келген бөлігіне (жеткен жеріне дейін) түсіріңіз.
  • 40-60 секунд кеудеңізді барынша ашып, ал бөксені қысып ұстаңыз. Содан кейін ақырын бастапқы қалыпқа оралыңыз.
  • Қолыңызды қайта тіреп, жаттығуды қайталаңыз. Осылайша 2-3 рет жасау жеткілікті.

Негізінде, түйе позасына тұрғанда алақанды өкшеге қою керек. Алайда, мұны бірден жасау қиындық туғызуы мүмкін. Бәрінің бірдей арқа сүйектері иілімді бола бермейді. Сондықтан бастапқыда қолды жеткен жеріне қойып жасай бересіз.

Егер қолыңызды аяққа қою мүлде мүмкін болмаса, беліңізге қойып жасаңыз. Бірте-бірте бөксеге, санға, одан ары жіліншікке қарай жылжыта бересіз. Күнделікті жасау арқылы бірте-бірте арқа сүйектерінің иілімділігі артып, өкшеге де еш қиналмай жететін боласыз.


Күнделікті таңертең жасаңыз. Өйткені, түйе позасы – күні бойына жетерлік қуат беретін тамаша асана. Бұл позиция бүкіл денеге пайдалы әрі әсері жылдам. Жаттығуды жасаған соң, 40-60 секундтан кейін-ақ таңғажайып күш-қуатты сезінесіз. Бұл әр таңда өте қажет.

Аударған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

ФИТБОЛ добымен ЖАТТЫҒУ бәріңізге пайдалы