Аяқты арықтатып, қарындағы майды ыдыратып, терісін тегістейді
Жасалуы қиын, көп күшті керек ететін жатығулар тез жалықтырады. Ал «Өтірік дауыл» өте жеңіл жасалатындықтан, оны ойын деп қабылдауға да болады. Алайда, пайдасы басқа жаттығу түрлерінен еш кем түспейді.
Қарапайым жаттығу аяқты арықтатып, қарындағы майды ыдыратып, құрсақ тұсын тегіс етеді. Ішке ауыр жаттығулар жасауға болмайтын диастаз жағдайында осы жаттығу құтқарады.
- Шалқаңыздан жатып, қолдарыңызды екі жаққа созыңыз. Денеңіз «T» әрпіне ұқсайтындай болсын.
- Тізені бүгіп, аяқтарыңызды көтеріңіз.
- Бүгілген аяқтарды ауада шеңбер жасап баяу айналдыра бастаңыз. Оңға, солға, екеуін бірдей сыртқа, екеуін бірге ішке қарай... Дауыл кезінде желдің қалай қарай ұитқи соғатынан болжау қиын ғой. Тура сол секілді. Айналым бағытын ауыстырарда аздап демалып алуға болады.
- Аяқты айналдыру кезінде денеңіз бен қолдарыңыз еденнен көтерілмеуін қадағалаңыз.
Жаттығу кезінде іштің төменгі бөлігіндегі бұлшықеттердің барлық топтарының іске қосылғанын сезінесіз. Егер аяқты бүгіп айналдыру сіз үшін тым оңай болса, бұлшықеттер аса сезілмейді. Бұл жағдайда жаттығуды аздап қиындату керек. Ол үшін аяғыңызды тізеден бүкпей, түзу созып айналдыру қажет.
Аударған: Бек Керім,
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: