​ШПАГАТқа отырудың қандай ПАЙДАСЫ бар?

0
2 243

Сіз мұны білмеуіңіз мүмкін


​ШПАГАТқа отырудың қандай ПАЙДАСЫ бар?

фото: roliki-magazin.ru

Шпагат (шатқа отыру) – спорттың бір түрі. Оның денсаулыққа тигізетін пайдасы орасан. Мұны кез келген жастағы адамдарға үйренуге болады. Енді үйренетін үлкен жастағыларға алғашқыда қиын болары анық. Десе де, жақсы нәтижеге жету үшін көп жұмыс істеу керек. Ал кішкентай кезінен шатқа отыруға бейімделгендерге аса қиындық тудыра қоймайды. Сонда да пайдасының қаншалықты керемет екенін білген адам үйренуден қашпаса керек. Ендеше, шатқа отырудың қандай пайдасы бар екенін білейік...


Бұлшықет серпімділігін арттырады

Шатқа отыру – бұлшықеттер мен байламдардың тамаша серпімділігінің көрсеткіші болып табылады. Бұлшықеттерді үнемі және дұрыс созу арқылы сіз спортпен айналысу кезінде немесе күнделікті өмірде жарақат алу қаупін азайтасыз. Сондай-ақ жақсы серпімділік дененің физикалық белсенділіктен тезірек қалпына келуіне және жаттығудан кейін ауырсынуды жеңуге мүмкіндік береді. Жаттығу кезінде адамның бұлшық еттері 3-4 сантиметрге созылады.


Мүсінді мінсіз етеді

Адамның деенсі икемді әрі созылғыш болса, әдемі және мінсіз мүсіннің иесі болатыны анық. Ол кереметке жетуге бізге шатқа отыру жақсы көмектесе алады. Шатқа отыру жаттығуларын орындау арқылы сіз омыртқаны да жақсы нығайта аласыз. Жаттығу барысында арқа аздап ауыруы мүмкін. Уақыт өте келе бәрі қалпына түседі.

фото: fotoxcom.ru

Табандылық пен төзімділікті дамытады

Шатқа отыруды армандауды доғарыңыз. Жай-жай әрекет жасаңыз. Көз алдыңызға сымбатыңыздың керемет екенін елестетіңіз. Сонда сізге табандылық пен төзімділік жолдас болады. Әрине, жеткілікті күш салып, жарты жолда бас тартпасаңыз, міндетті түрде ойыңыздағы мүсінге ие боласыз. Сабырыңыздың арқасында ауырсынуды жеңіп, денеңіздің жеңіл қозғалатынын сезесіз. Икемділікті дамытумен қатар, өз-өзіңізді бақылау сезімін жақсартасыз.


Шатқа отыру денсаулық пен өзіңізді керемет сезінуге ықпал етеді. Нақтырақ айтқанда:

  • Қан айналымын, жамбас мүшелерінің жұмысын, сонымен қатар құрсақ қуысын жақсартады.
  • Жамбас пен сегізкөздің қозғалғыштығын арттырады.
  • Несеп-жыныс жүйесі ауруларының алдын алады.
  • Омыртқаны созады, сколиоздың (арқа омыртқасының қисаюы) тамаша алдын алады, дене қалпын жақсартады.
  • Іштің бұлшық еттерін, аяқтарын нығайтады, аяқтардағы артық салмақты жояды.
  • Психоэмоционалды күйзелісті төмендетеді, өзіне деген сенімділікті дамытады, көңіл-күйді көтереді.


Дереккөз: dzen.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


САУСАҚ жаттығулары миды ОЯТАДЫ


КҮЙЗЕЛІСтен арылуға арналған ЖАТТЫҒУЛАР бар