Бет пен табанның қандай байланысы бар?
Бұл жапон жаттығулары денедегі ісікті кетіреді, жіңішкертеді және бет терісінің тегістелуіне, жас көрінуіне көмектеседі.
БЕТ пен ТАБАН: қандай байланыс бар?
Аяқтың лимфодренажды жүйесінде клапандар бар. Олар жүру, белсенді қозғалыс кезінде (аяқ бұлшықеттері жиырылғанда) лимфаны жоғары қарай айдауға көмектеседі. Ал біздің отырықшы өмір салтымызда, көп қозғалмай, аяққа жүктеме болмаған уақытта бұлшықеттер де ширығып, жиырылмайды. Сәйкесінше клапандар жұмысын істемей, лимфа аяқ аумағында тұрып қалады.
Аяқ аумағында лимфа ағынының тоқтап қалуы бүкіл денеге әсерін береді. Яғни, дененің барлық аумағында лимфа және су айналымы тоқырауға ұшырайды.
Өзіңді нашар сезіну, енжарлық, ісіну, ағзаның жалпы жағдайының нашарлауы, қорғаныс қабілетінің әлсіреуі, артық салмақ қосу, целлюлит, терінің босаңсып, салбырауы – осының бәрі соның салдарынан орын алатын өзгерістер.
Осындай жағымсыз өзгерістерге жол бермей, есесіне, жағңымды өзгерістердің орын алғанын қалайсыз ба? Ендеше, ерінбей аяқ аумағындағы клапандарды іске қосып, лимфа ағынының тоқтаусыз айналымына жәрдемдесіңіз.
Бұл үшін сізге 3 түрлі жапон жаттығуын ұсынамыз.
1-жаттығу
- Бетіңізді қабырғаға қаратып, еденге отырыңыз.
- Тізені бүгіңіз.
- Екі қолды дененің артқы жағына қойыңыз. Саусақтар артқа қарай бағытталады.
- Сол аяқты қабырғаға тіреңіз. Табанды қабырғаға толықтай тигізіп тұрған бойда жоғары қарай сырғытыңыз. Тізе толық ашылып, аяғыңыз түзу болғанша.
- Енді өкшеңізді қабырғаға тигізіп ұстаған бойда аяқ саусағын өзіңізге қарай майыстырып, қайта қабырғаға тигізіңіз. Осылай екі-үш рет қайталаңыз.
- Содан соң сол аяқты түзу ұстаған күйде жанға (сол жаққа) қарай сырғытыңыз. Еденге тигізу міндетті емес, аяғыңызды жеткен жерге дейін барынша созу жеткілікті. Қайта бастапқы қалыпқа (жоғарыға) қарай сырғытыңыз. Осы қимылды бірнеше рет қайталаңыз.
- Сол аяғыңызды еденге қойып, жаттығуды басынан бастап оң аяқпен жасап шығыңыз.
2-жаттығу
- Еденге арқамен жатыңыз.
- Оң қолыңызды қарын тұсына, сол қолды белдің астына қойыңыз.
- Тізені бүгіп, оң аяқтың табанын сол аяқ тізенің ішкі жағына тіреңіз.
- Тобық буынынан табанды сыртқа қарай айналдырып, қайта кері айналдыру арқылы бастапқы қалыпқа келтіріңіз. Осылайша 3 рет қайталаңыз.
- Аяқтар мен қолдардың қалпын ауыстырып, тура осылай сол аяқпен де жасаңыз.
3-жаттығу
- Еденге бір қырыңызбен жатыңыз.
- Төмендегі қолды созып, басыңыздың астына қойыңыз. Үстіңгі жақтағы қолды денеңіздің алдына, кеуде тұсына тірейсіз.
- Астыңғы жақтағы аяқты созып, үстіндегі аяқты бүгіп, табанды тізе үстіне тіреу керек.
- Енді жіліншікті табанмен сипағандай болып, бүгілген аяқты сырғыта созыңыз. Тобық тұсына дейін барғасын, қайта тура солай сипай отырып бастапқы қалыпқа келіңіз.
- Осылай 3 рет жасаған соң келесі қырыңызға қарай аунаңыз. Жаттығуды тура осылай екінші аяқпен де 3 рет қайталаңыз.
Жаттығуларды орындау өте оңай, көп уақытты да алмайды. Тек күнделікті жасауға ынта-жігеріңіз жетсе болғаны.
Аударған: А. Мейірханқызы,
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: