Таңертеңгілік жаттығу керемет көңіл-күйдің кепілі
фото: mavink.com
Таңертең оянған кезде біздің бүкіл ағзамыз оянбайды. Тек көзіміз бен миымыз ғана ояу болады. ал ағзамызды, денемізді, бұлшықеттер мен буындарымызды ояту үшін өзіміз атсалысу керекпіз. Мәселен, ағзаны яғни ішекті, бауыр-бүйректі, ұйқыбезді ояту үшін 1-2 стақан жылы су ішу керек. Салқын суға жуыну, душ қабылдау жүйке орталықтарын оятса, ал денемізді, бұлшықет пен буындарды ояту үшін жеңіл жаттығу жасауға тиіспіз.
Ендеше күні бойы сергек жүріп-тұру үшін жаттығу жасауға кірісейік:
Жаттығуды таза ауада жасаған жөн. Оған мүмкіндік болмаса онда бөлмені дайындаңыз. Алдымен терезені ашып, желдетіп алу керек. Сосын жағымды әрі талғамыңызға сай музыка қойып, жаттығу жасауға кірісіңіз.
Музыканы мейлінше жасайтын жаттығуыңыздың түріне қарай таңдаған абзал. Егер жылдам қарқынмен жасалатын жаттығуға екпінді музыка керек, баяу жаттығуға баяу үнді жарайды. Киіміңізге де мән беріңіз. Жеңіл әрі табиғи мақта матадан тігілген киім болғаны дұрыс. Бәрін дайындап алсаңыз, жаттығуға жасауға кірісейік.
Мойын жаттығулары
Алдымен мойынға жаттығу жасаймыз. Басыңызды оңға және солға кезектестіріп айналдырасыз. Содан кейін басыңызды алға және артқа, сосын оңға және солға қисайтыңыз. Барлық қозғалыстарды әр бағытта 15 рет қайталау керек.
Қол жаттығулары
Екі қолыңызды екі жаққа созып, жұдырығыңызды түйіңіз. Сосын жұмылған жұдырықтарды алдымен оңға, сосын солға айналдырамыз. Жаттығуды 10-15 рет қайталауға болады. Енді иығыңызды да кезектестіріп айналдырыңыз.
Иықтан соң білекті, одан кейін шынтақты шынықтырасыз. Оларды да рет-ретімен оңға-солға айналдырасыз. Жаттығуды әдеттегідей 10-15 рет қайталаңыз.
фото: ru.girlygirlpic.com
Дене жаттығулары
Тік тұрасыз, аяғыңызды алшақ ұстайсыз. Енді алға қарай еңкейіп, алақаныңызды еденге қойыңыз. Бұл жаттығуды да 10 ретке дейін жалғастыруға болады.
Қолыңызды беліңізге қойып, жамбасты айналдырамыз.
Аяқтарды иық көлеміндей алшақ қойып, оң қолды жоғары көтеріңіз. Сол қолды беліңізге қойып, солға қарай еңкейесіз. Екі реттен кейін қолыңызды ауыстырып, жаттығуды екініші жақпен жалғастырыңыз.
Аяқ жаттығулары
Үстелге немесе еденге отырыңыз. Екі аяғыңызды жоғары көтеріп, сермейсіз. 10-15 рет қайталау жеткілікті.
Енді оң қырыңызбен жатып, сол аяғыңызды жоғары көтеріп, сермейсіз. Тап осы қалыпта 10 рет қайталаңыз. Жаттығу барысын сол қырыңызға ауыстырып, қайталаңыз.
Келесі кезек тізеде. Оны қолыңызбен ұстап, оңға-солға кезектестіріп айналдырыңыз.
Ұсынылған таңғы жаттығуды күнделікті жасасаңыз, өзіңізді жігерлі және қуанышты сезінесіз, белсенділігіңіз артып, стресстен сақтанасыз.
Сезім мүшелеріңіз жақсы жұмыс істейді, ақпаратпен жұмыс істеу қабілеті жоғары болады. Ұйқыдан оянғаннан кейін шаршау мен енжарлық сезімі болмайды. Сіз барлық ағза ауруларынан арыласыз. Сонымен қатар, таңертең жаттығу жасау күнделікті әртүрлі жарақаттардың алдын алуға көмектеседі.
Дереккөз: hospital-vrn.ru
Л.АХМЕТОВА,
Тағы оқыңыз:
Бұл жаттығу ИММУНИТЕТТІ нығайтады