​ЦЕЛЛЮЛИТТІ кетіретін 3 МИНУТтық жаттығу

0
1 352

Салбыраған қарынды да жинауға әсері бар


​ЦЕЛЛЮЛИТТІ кетіретін 3 МИНУТтық жаттығу

Сан мен аяқ терісінің тегіс, серпімді болғанын қалайсыз ба? Ендеше, мына жаттығуға көңіл бөліңіз. Көңіл бөлсеңіз болғаны, уақыт міндетті түрде табылады. Өйткені, бар болғаны 3 минут арнау жеткілікті.


  • Қабырғаға арқаңызды тіреп, екі аяқты алға түзу созып еденге отырыңыз.
  • Қолдарыңызды кеудеге жақын ұстаңыз немесе еденге қоюға болады. Тек тіреуіш ретінде қолданбау керек.
  • Жаяу жүрген кездегідей аяқтарыңызды кезек-кезек қозғай отырып, екі жаққа қарай біртіндеп ашыңыз. Санның ішкі бұлшықеттері барынша ашылғанша жасау жеткілікті. Тым қатты қинап созып жібермеңіз.
  • Қайтадан аяқтарды кезектестіре жүре отырып, екі аяқты ортаға (түзу алдыңызға қарай) әкеліңіз.
  • Осылайша аяқтардың арасын ашып, қайта жинап «отырып жүру» жаттығуын 2-3 минут бойы жасаңыз.
  • Уақыт өте келе орындау уақытын 5 минутқа дейін арттыруға болады. Ең бастысы - барлық бұлшықеттер жұмыс істеуі үшін дұрыс техниканы сақтау.

Бұл жаттығу ең алдымен аяқтарыңызға үлкен әсер етеді. Оларды сергітеді және теріні тегістеп, целлюлитті көрінуін азайтады. Санның ішкі бұлшықеттері бұрынғына қарағанда созылымды бола түскенін, екі аяқтың арасы кеңірек ашылып жатқанын байқайсыз. Сондай-ақ, жаттығу кезінде қолыңызды кеуде тұсында ұстасаңыз, іштің төменгі бұлшықеттері де жаттығады. Демек, салбыраған қарын жиналып, біртіндеп пресс қатая түседі.

Жаз мезгілінде дене сымбатын түзегіміз келіп, белсендірек жаттығулар жасай бастаймыз. "Күз басталды, қыс түседі, көктем келгенде жасаймын" деп тоқтатып қоймаңыз. Спортпен жыл он екі ай айналысқан абзал. Мейлі, ол үшін спортзалға барыңыз, үйде жасаңыз, топтық фитнес сабақтарға, биге қатысыңыз...

Тым құрығанда осындай көп уақыт пен күшті, арнайы дайындықты қажет кетпейтін, кез келген уақытта, кез келген жерде жасай беретін жаттығуларды қайталап жүріңіз. Әйтеуір, қимыл-қозғалыссыз қалмаңыз.

Аударған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

«30 – 30 – 30»: САЛМАҚ ТАСТАУДЫҢ жаңа әрі ең ЖЕҢІЛ жолы