ЦИГУН - ауру мен АРТЫҚ САЛМАҚтың алдын алады

0
601

Таңертең және кешке жасау тиімді.


ЦИГУН -  ауру мен АРТЫҚ САЛМАҚтың алдын алады

Сурет: i.pinimg.com

Цигун (Ци Гун) – бұл қытай емшілерінің сан ғасырлық тәжірибесінен өткен, сауықтыруға арналған жаттығулар жиынтығы. Оның атауы қытайдың екі сөзінен құралған: Ци – энергия, ауа, тыныс алу және Гун – жетістік, билік, күш дегенді білдіреді. Екі сөздің қосылған кездегі аудармасы – энергиямен жұмыс істеу, энергияны өндіру. Цигун жаттығуын кез келген жастағы адам жасай алады.


Қытай тарихшыларының жазуынша, танымал императорларының бірі Хуан Ди (Сары Император) цигун жаттығуын күнделікті жасай отырып, соның арқасында 100 жылдан аса өмір сүрген.

Қазір қытайлық ғалымдар бұл жаттығуларды диетамен және шөп дәрілермен біріктірген. Бұл денсаулықтың мықты болуына, түрлі аурулардың алдын алуға, ұзақ жасауға көмектеседі.

Цигун жаттығуы жаңа бастағандарға қиын болып көрінуі мүмкін. Жаттығудағы негізгі нәрсе – қимыл-әрекеттерді тура қайталау емес, бастысы ішкі энергияны сезіну. Жаттығуды жүйелі түрде жасап отырсаңыз, ол сіздің ақыл-ойыңызға, тәніңізге күшті әсер етеді. Сондай-ақ ағзаның түрлі ауруларға қарсы тұруына көмектеседі.

Цигун жаттығуын таңертең және кешке жасау тиімді.


Таңертең

Түнде адам денесіне нашар энергия жиналады. Бұл күні бойғы түрлі факторлар салдарынан болады: шаршау, бастықтан сөз есту, қоғамдық көліктегі қысылыс, тағы да басқа. Түні бойы денеге жиналған жаман энергиядан құтылып, өзіңізді жайлы сезіну үшін таңертең жасалатын жаттығудың маңызы зор.

  • Жаттығуды таңертең оянған кезде төсектен тұрмай тұрып бастаңыз. Алдымен қолды жоғары қарай көтеріп, омыртқаны созыңыз. Кейін алдымен оң, кейін сол қолды, тура солай аяқты ақырын кезекпен көтеріңіз.
  • Төсекте жатқан күйі қолды төбеге, аспанға қарай көтеріңіз. Алақанды бір біріне қойып, қызғанша ысқылаңыз. Бұлай жасау арқылы нашар энергиядан арылып, тазарасыз.
  • Шаштың арасына саусақтарды салып, ысқылаңыз.
  • Бұл әрекеттерді жасағанда жақсы нәрсе ойлап тұрыңыз. Бүгінгі күніңіздің қалай жақсы өтетінін елестетіңіз.
  • Басыңыздан аяғыңызға қарай қолмен сипап өтіп, қолды сілкіп-сілкіп жіберіңіз.
  • Мұндай жаттығудан кейін қолды жақсылап жуыңыз, бұл нашар энергиядан сақтануға көмектеседі.

Қытай медицинасында бұл жаттығу барлық аурудың алдын алатын тиімді профилактика саналады. Ол үшін:

  • Құлақты ысқылаңыз. Құлақта көптеген акупунктура нүктелері бар. Алдымен құлақтың сырғалығынан бастаңыз. Кейін сырғалықтан жоғары қарай ысқылаңыз. Артынша құлақты жан-жаққа қарай тартқылаңыз. Бұл қанайналымын жақсартады. Бірден энергия сезінесіз.
  • Энергия сезінген соң мына жаттығуларды жасаңыз: тіке тұрыңыз, аяқты иық деңгейімен бірдей етіп теңестіріп қойыңыз. Бөксені екі жаққа қарай кезек-кезек қимылдатыңыз. Жаттығуды 3-4 минут қайталаңыз.


Түнде

Түнгі жаттығуды көбіне күндіз қолы босай бермейтіндер жасайды. Түнгі жаттығудың да тиімділігі жоғары. Тек жаттығу жасағанға дейін екі сағат алдын ештеңе ішіп-жемеген дұрыс.

Цигун жаттығуын жасау ұйқысыздықтан арылтады және артық салмақпен күреседі. 30-60 минуттық түнгі жаттығу жақсы энергияға шақырады.

  • Кеуде, иық, мойын, бүйрек тұстарын жұдырықпен жаймен ұрыңыз. Бұл ұйықтар алдында ағзаны оттегіге толтырады.
  • Еденге шалқалап жатып, екі қолды жоғары көтеріп, бірқалыпты дем алыңыз. Кейін қолдарды еркіне жіберіп, жаймен төмен түсіріңіз.
  • Алақанды бір-біріне қаратып, ысқылаңыз. Араға сәл уақыт салып қайта қайталаңыз.

Өте жеңіл жаттығу болғанымен үзбей, күніге жасайтын болсаңыз, онда кереметтей нәтижеге жетесіз.

Аударған: Э. Базарбаева,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

ӨТ пен БАУЫР ауырса, мына 5 жаттығу КӨМЕКТЕСЕДІ