​ТҮНДЕ аяқтың СІҢІРІ тартылып қалса...

0
3 078

Мына қарапайым жаттығу көмектеседі.


​ТҮНДЕ аяқтың СІҢІРІ тартылып қалса...

фото: kozhamed.com

Медицина мамандары аяқтағы сіңірдің тартылуына бір ғана ауру себеп болмайды дейді. Демек, аяғыңыздан сыз өтсе міндетті түрде сіңір тартылмайды. Ондай жайсыздыққа:

  • Жүрек ишемиясы
  • Тромбоз
  • Атеросклероз
  • Бауыр немесе бүйрек аурулары
  • Қант диабеті
  • Қалқанша безінің патологиялары
  • Жалпақ табан
  • Артроз себеп болуы мүмкін.

Одан бөлек:


Ағзаның сусыздануы

Аяқтағы сіңірдің тартылуына суды аз ішу де себеп болады. Сондықтан да күніне кемінде 2 литр су ішіуді әдетке айналдырыңыз.


Ыңғайсыз аяқ киім

Биік өкшелі аяқ киімді өте сирек сиіңіз. Жайлы аяқ киім болса да саусақтарыңыздың қысылып тұрмағанын қадағалаңыз. Аяқтың арқасын қысса да түнде сіңіріңіз тартылуы ықтимал.


Бұлшықеттің нашарлауы

40 жастан кейін біз әр 10 жыл сайын бұлшықет массасының 3-8% жоғалтамыз. Отырықшы өмір салтын жүргізетін адамдар бұлшықет массасын тез жоғалтады. Аяқтардың әлсіреген бұлшықеттері дененің салмағына байланысты шамадан тыс күшейе бастайды. Салдарынан сіңірдің тартылуын тудырады.


Калий тапшылығы

Бұл элемент бұлшықеттің жиырылуы мен босаңсуын бақылайды. Егер ағзаға калий жетіспесе, онда тамақтану мәзіріне банан, кептірілген өрік, құрма, сондай-ақ ақсерке мен нәлім балығын қосыңыз. Сонымен қатар, суды көбірек ішуге, күнделікті мәзірге кальций, магний және калийге бай тағамдарды қосуға кеңес береміз.

фото: nvkz-tub.ru

Сіңірдің тартылуын болдырмау үшін ұйықтар алдында балтырыңызды созуға кеңес береміз. Сонымен қатар қарапайым, бірақ тиімді жаттығуларды орындауыңыз керек. Сонда түніңіз тыныш, ұйқыңыз жайлы болады!


1-жаттығу

Саусақтарыңызды көтеріңіз. Сіңіріңіз тартылған кезде аяғыңызды құшақтап отыра бермеңіз. Дереу орныңыздан тұрып, саусақтарыңыздың ұшымен жоғары көтеріліңіз. Баяу қарқынмен төмен түсесіз. Жаттығуды жай қимылмен 10-15 рет орындау керек.


2-жаттығу

Балтырды созыңыз. Тік тұрған бойда қабырғаға қараңыз. Қолыңызды созып, қабырғаға қоясыз. Артқа шегініп, өкшіңізді еденге 30 секундқа мықтап басыңыз.Аяқты ауыстырыңыз. Мұны 2-3 рет қайталайсыз.


3-жаттығу

Тобықты айналдырыңыз. Бұл жаттығуды орындайтын кезде еденге отырасыз. Аяғыңызды алдыңызға созып, тобықты айналдыра бастаңыз. Алдымен солға 10-15 рет, содан кейін оңға 10-15 рет айналдыру керек.


4-жаттығу

Тізе буынын созыңыз. Бұл жаттығуды да отырып орындау керек. Жайғасып отырып алып, аяғыңызды созасыз. Қолыңызды да алға қарай созуға тырысыңыз және саусақтарыңызды майыстырмай ұстаңыз. Осы қалыпта жарты минут отырыңыз. Жаттығуды 2-3 рет қайталаңыз.


5-жаттығу

Орныңыздан тік тұрасыз. Аяқтарымыздың арасын ашасыз. Енді біреуін бүгіп, тобықты бөксеге қарай тартамыз. Осылайша 30 секунд тұру керек. Содан кейін аяқты ауыстырамыз. Мұны да 2-3 рет қайталаймыз.


Жаттығу көмектеспесе не істеу керек?

Бұл жағдайда бұлшықетке массаж жасау керек. Оны аздап босаңсыту үшін оған жылу немесе салқын жағу керек. Мүмкіндік болса жылы душ немесе ванна қабылдаған жөн. Сондай-ақ ауырсынуды басатын дәрі ішсеңіз де болады.

Жалпы, сіңірдің жиі тартылуы – қант диабетінің немесе қандай да бір артериялық аурудың белгісі болуы мүмкін. Сондықтан ұзақ созбай дәрігерге барған жөн.


Дереккөз: secretmag.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Аязда денеңізді жылыту үшін жаттығу жасаңыз


Йоганың қандай пайдасы бар?