​ЖЕЛДЕТКІШТІҢ жаңа түрлері: таңдау кезінде неге МӘН БЕРУ керек?

0
1 274

Әлде тексерілген, көз үйренген бұрынғылары дұрыс па?


​ЖЕЛДЕТКІШТІҢ жаңа түрлері: таңдау кезінде неге МӘН БЕРУ керек?

Жаздың аптабы адамдарды желдеткіш астына тықсыра бастады. Әсіресе, кеңседе, сауда орындарында, т.б. ғимарат ішінде жұмыс істейтіндерге жан сауғалаудың жалғыз амалы сол болып тұр. Сіз де желдеткіш астында оқып отырсыз ба?

Әлде «алу керек еді» деп әлі жүрсіз бе? Солай болса, соңына дейін оқыңыз. Бүгінгі мәлімет сіз үшін аса пайдалы болғалы тұр. Өйткені, жаңадан шығып жатқан түрі – баған желдеткіштері жайлы айтамыз.

Ауа баптағыштың бағасы аспандап тұр әрі ауруға душар ету қаупі басым. Ал байырғыдан қолданып келе жатқан айналмалы жел үрлегіштердің жазың нағыз ыстығына күші жетпей жатады. «Екеуінің ортасындағы ең тиімді нұсқа – бағанды желдеткіштер» деп жатыр өндірушілер мен сатушылар. Шынында солай ма?


Жалпы, желдеткіштердің ауа баптағыштан айырмасы – олар ауаны салқындата алмайды. Тек әрлі-берлі қозғап, жасанды жел туғызып, ауа айналымын жасайды.


Баған желдеткіш – жабын торы бар, жіңішке, ұзын корпусты (көбінесе цилиндр түрінде жасалған) құрылғы. Оларың қрылымында айналмалы жүздері (қалақтар) ашық болмайды. Тұрмыстық ауа жылытқышы принципі бойынша жұмыс істейді. Айналмалы қозғалтқыштары корпустағы сыртқы саңылау арқылы қоршаған ортадан ауаны сорып, оны жоғары жылдамдықпен қысыммен кері шығарады. Вертикалды түрі сөрелерде, үстел немесе басқа жерлерде тігінен орнатылады. Көлденең түрі еденге қоюға арналған.


Дыбыссыз

Баған желдеткіштердің әдеттегіден ерекшелігі – дыбыссыз жұмыс істеуінде. Айналма жүзді еден желдеткіштерінің шу деңгейі 30 дБ-ден басталады, ең қуаттылары 60 дБ-ге дейін жетеді. Сондықтан, үрлеу кезінде қатты шу шығарады, бұл басқа дауыстарды тыңдауға, ұйықтауға кедергі келтіруі мүмкін. Ал бағанды желдеткіштің айналмалы жүздері кішірек болады. Сонымен қатар, арнайы инвертор қозғалтқышымен жабдықталған, ол 3D үрлеу функциясын жүзеге асырады. Соның арқасында ағынның қарқындылығы төмендейді (сөйте тұра ол кеңістікті максималды қамтиды). Бұл технология көп шу туғызбай-ақ ауаны тиімді және біркелкі салқындатуға, сол арқылы алаңсыз жұмыс істеуге, тыныштықта тынығуға, жақсы ұйықтауға мүмкіндік береді.


Қауіпсіз

Қауіпсіздігі тұрғысынан салыстырғанда, бағаналық желдеткіш әдеттегіден гөрі әлдеқайда жақсы деп саналады. Әдеттегі желдеткішті қолданғанда кішкентай балалар жабын тор арасынан саусағын кіргізіп, жарақаттайтын жағдайлар жиі кездеседі. Үй жануарлары да желдеткішпен ойнап жапа шегіп жатады. Ал бағанды желдеткіште мұндай қауіп азырақ. Өйткені оның айналма жүздері аз, кіші әрі көбінесе жабын торының арасы жиі болып келеді.


Сыйымды

Баған желдеткіштер аты айтып тұрғандай, ұзынша, жіңішке баған тұрінде болып келеді. көлемі кішкентай болғандықтан аз орын алады. Әсіресе, шағын бөлмелер үшін өте қолайлы.


Қашықтан басқару

Бағандық елдеткіштерде қазіргі заманауи технологияларға орнатылатын мүүмкіндіктердің барығы дерлік бар. Айталық, құрылғыны таймер арқылы қосу-өшіру, бірнеше жұмыс режимдері, пульт арқылы қашықтан басқару және ақпараттық сенсорлық дисплей, хош иісті май құятын бөлім, тағысын тағылар. Ал айналма жүзді желдеткіштер мұндай мүмкіндік бере бермейді.

Заманауи дизайн

Кәдімгі пышақ желдеткіштері қарапайым нұсқа болып саналады, ал бағаналы желдеткіштер жаңартылған заманауи және минималистік дизайнмен жасалады. Олар үй-жайдың барлық стиліне, кез келген интерьерге сәйкес келеді. Сондай-ақ үйдегі басқа да техникалармен үйлесім таба кетеді.


Төзімді қозғалтқыш

Баған желдеткіштердің қозғалтқышы төменгі жағында, негізде орналасқан. Бұл оған қозғалтқышы жоғары жағында орналасқан классикалық үлгілерге қарағанда көбірек төзімділік береді. Сондай-ақ, ауа бүкіл баған биіктігі бойынша біркелкі қуатпен үрленеді. Бұл ауа ағынын біркелкі және жайлы етеді.


Қалай таңдау керек?

Баған желдеткіштің түрі көп, таңдау еркіндігі кең. Соның арқасында өз үй-жайыңыздағы интерьер дизайнын, бөлме ауданын және ондағы бос кеңістікті ескере отырып, өзіңіз үшін ең жақсы нұсқаны таңдай аласыз.

Баған желдеткіш аларда бірінші мән беру керек нәрсе – қуаты. Қуат – желдеткіштің уақыт бірлігіндегі өнімділігінің өлшемі. Құрылғының өнімділігі неғұрлым жоғары болса, ол соғұрлым көп энергия ресурстарын тұтынады. Сондықтан, қымбат емес, бірақ сонымен бірге тиімді болуы үшін бөлмнің ауданына сәйкес келетінін алдын ала есептеу керек.

  • Бөлменің ұзындығын оның еніне көбейту арқылы ауданын есептеңіз.
  • Оның көлемін табу үшін алынған мәнді бөлменің биіктігіне көбейтіңіз. Желдеткіш пәтер үшін сатып алынса, көлемді 3-ке көбейту керек. Шыққан мән бөлмедегі ауаны үрлеуге қажетті желдеткіштің ең аз қуатына тең болады. Максималды өнімділікті табу үшін бөлменің көлемін 6 есе көбейту керек.

20 шаршы метрге дейінгі шағын бөлме үшін жеткілікті желдеткіш өнімділігі 40-60 Вт. 20 шаршы метрден астам бөлме үшін 60-тан 140 Вт-қа дейін қуат қажет.

Дайындаған: Бауыржан ЕРМАН,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:

ТҮССІЗ, МӨЛДІР ТЕХНОЛОГИЯЛАР: түрлі-түстілерден қандай артықшылығы бар?