Жылытқыш гаджеттердің ҚАЙСЫСЫН ҚОЛДАНҒАН ДҰРЫС?

0
5 071

Егер, сізге жылытқыш құрылғы қажет болса, аталған сипаттамаларды есте ұстағаныңыз дұрыс.


Жылытқыш гаджеттердің ҚАЙСЫСЫН ҚОЛДАНҒАН ДҰРЫС?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер қысты жылы болады деп айтқан емес. Сондықтан, кей кездерде жылытқыш та пайдалы болуы мүмкін. Бірақ, дүкендегі көптеген түрінің ішінен қайсысын сатып алу керек? Таңдау кезінде қателеспеу үшін біз ұсынған ақпараттарды ескерсеңіз болады.

Біз оқырмандар назарына Electrolux, Scarlett, Stadler form Max және Dyson маркаларының жылытқыштары туралы егжей-тегжейлі зерттеуді ұсынып отырмыз. Оның ішінде жылдам жылыту қабілеті, тиімділігі секілді сипаттамалар бар.


Electrolux eoh/M-1209 жылытқышының сипаттамасы

Electrolux EOH / M-1209 – "классикалық жылыту құрылғы" деп аталады. Бұл – 9 жылыту бөлімі бар жылытқыш. Құрылғының кескіні кез келген кез-келген интерьерге сәйкес келеді.

Жылытқыштың жұмыс принципі: қыздырғыш элементтің көмегімен жылыту тізбегінің ішіндегі минералды май қызады да, ол герметикалық металл корпусқа жылу береді. Нәтижесінде ауа да қызады.

Құрылғының термостаты электромеханикалық болғандықтан пайдаланушыға ыңғайлы болады және айналмалы реттегіші бар. Басқару тақтасы қуат деңгейін таңдайтын жарық индикаторымен жабдықталған.

Жылытқыш жиынтыққа кіретін дөңгелектерге орнатылады. Көлемі деп пайдалануға қолайлы. Жылытқышқа оңай қозғалтуға арналған тұтқа орнатылған. Себебі, құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде металл корпусы айтарлықтай ыстық болады.

Негізгі техникалық сипаттамалары:

  • Максималды қуаты - 2000 Вт;
  • Қуат деңгейлері: 800 Вт, 1 200 Вт, 2 000 Вт;
  • Жылыту бөлімдерінің саны-9;
  • Максималды жылыту аумағы -18 шаршы шақырым;
  • Шаңға төзімділік класы-IP 24;
  • Электромеханикалық басқару, қызып кетуден қорғау, аударылған кезде өшіру функциялары бар;
  • Шаң мен ылғалдан қорғау қызметі болғандықтан, жылытқышты жуынатын бөлмеге кіргізуге де болады.

Тестілеу барысында Electrolux eoh/M-1209 жылытқышының жұмысына ешқандай ескерту болмаған. Сынақ нәтижелеріне тоқталар болсақ, 30 минут ішінде толық қуатта жұмыс істейтін бұл жылытқышы бөлме температурасын 21,5 градустан 25 градусқа дейін жылыта алған. Яғни ауа температурасы 3,5 градусқа көтерілген. Бөлмені жылыту процесінде бөтен иістер немесе шулар байқалмаған. Барлық үш режимде де электр энергиясын тұтыну өндіруші көрсеткен сипаттамалар шеңберінде болған.

Артықшылықтары:

  • Пайдаланушыға таныс құрылғы форматы;
  • Өте ыңғайлы жұмыс;
  • Қарапайым басқару;
  • Қауіпсіз;
  • Тнышы жұмыс;
  • Жинақы.

Кемшіліктері:

  • Қалған модельдермен салыстырғанда ауаны баяу жылыту;
  • Электр сымы корпустан ажыратылмайды;
  • Дизайны қарапайым.



Scarlett SC-2167 конвективті жылытқышы

Scarlett SC-2167 конвективті жылытқышы да классика ретінде саналады. Бірақ, дизайны классикалық емес. Алдыңғы панельі қара шыныдан жасалған. Бұл модельге гламурдың бір реңкін береді немесе оны жалпақ экранды теледидар сияқты етеді.

Конвективті жылытқыштың жұмыс принципі - табиғи конвекция. Ауа төменгі ауа қабылдау торы арқылы енеді, қыздыру элементі арқылы өтеді және жоғарғыдағы ауа тарату торы арқылы бөлмеге қайта шығады. Шын мәнінде, мұндай жылытқыштар табиғи конвекцияны, яғни бөлмедегі ауаның қозғалысын да күшейтеді.

Гаджеттің термостаты мен басқару жүйесі электронды. Барлық түзетулерді екі жолмен жасауға болады: бірінші – бүйірінде түймелері бар шағын панель бар, бірақ, әрине, қашықтан басқару құралын пайдалану ыңғайлы. Алдыңғы шыны панельдің жоғарғы сол жақ бұрышында пайдаланушы енгізген қондырғыларды көк таңбалармен көрсететін дисплей бар: қажетті температураны, қуат деңгейін таңдауға, өшіру таймерін қосуға немесе балалардың қауіпсіздігі үшін басқару жүйесін құлыптауға болады. Мұнда мұздатуға қарсы режим де қарастырылған.

Конвекторды қабырғаға немесе доңғалақ базасына бекітуге болады. Бірақ, қызып тұрған құрылғыны ары-бері жылжыту кішігірім проблема тудырады. Біздің ойымызша, өндірушілер осы мәселе жайлы ойлануы қажет.

Негізгі техникалық сипаттамалары:

  • Максималды қуат 2000 Вт;
  • Жылытылатын алаңы 18 шаршы шақырым;
  • Қуат деңгейлері: 1000 Вт, 2000 Вт;
  • Электрондық басқару жүйесі;
  • Қыздыру элементі монолитті алюминийден жасалған;
  • Қызып кетуден қорғау, аударылған кезде өшіу, өшіру таймері функцияларымен жабдықталған;
  • Қабырғаға немесе еденге орналастыруға болады;
  • Шаңға төзімділік класы-IP 24;
  • Мұздатуға қарсы режимі бар.

Тестілеу барысында Scarlett SC-2167 жылытқышының 30 минут ішінде максималды қуатпен жұмыс істей отырып, 17,2 м2 жабық бөлмедегі температураны 21,5°С–тан 26,2°С-қа дейін көтергені анықталған. Қыздыру процесінде бөгде иістер немесе дыбыс тіркелмеген. Электр энергиясын тұтынуға келетін болсақ, мұнда максималды қуат режимінде, яғни белгіленген максималды температура 35°C болғанда, ол шамамен 1 843 ватт тұтынған. Жарты қуат режимінде – шамамен 1 120 ватт.

Артықшылықтары:

  • Көрінісі тартымды;
  • Құрылғы қажетті температураны дәл ұстап тұрады;
  • Қашықтан басқару пульті бар;
  • Бөлмені алдыңғы жылытқышқа қарағанда тезірек қыздырады;
  • Жұмысы үнсіз.

Кемшіліктері:

  • Еденге қойған кезде жылжыту ыңғайсыз;
  • Жылытқыш өте ауыр;
  • Жылтыр қара әйнекте саусақ іздері қалады;
  • Электр сымы корпустан ажыратылмайды.



Stadler form Max желдеткіш жылытқышы

Бұл ерекше дизайнымен де көзге көрінетін керемет гаджет. Бірнеше түстері де бар: қызыл, сары, сұр және ақ. Пластикалық корпуспен жасалған модельдің материалдарының сапасына қатысты шағымдар болмаған. Желдеткіштің артқы жағында кішкене тұтқа жнәе сенімді тұруға мүмкіндік беретін үш аяғы бар.

Желдеткіштің жұмыс принципі қарапайым – кіріктірілген желдеткіштің көмегімен ауа корпусқа сорылады, қыздыру элементі арқылы өтіп, бөлмеге таралады. Сондай-ақ, құрылғы ауаны қыздырмай, желдеткіш ретінде де қызмет ете береді.

Функционалдылыққа келетін болсақ, бұл металл спиральды қыздыру элементі, электромеханикалық термостат және басқару элементтері бар қарапайым желдеткіш-жылытқыш. Пайдаланушыға қыздыру қарқындылығының екі деңгейі қолжетімді. Қуат деңгейі де екеу.

Негізгі техникалық сипаттамалары:

  • Максималды қуат-2000 Вт;
  • Жылытылатын алаң-25 м2 дейін;
  • Қуат деңгейлері: 800 Вт, 2000 Вт;
  • Электромеханикалық басқару жүйесі бар;
  • Мұздатуға қарсы режим;
  • Қызып кетуден қорғау.

Тестілеу барысында Stadler Form 30 минут ішінде максималды қуатта жұмыс істеп, ауа температурасын 6 градусқа жоғарылатқан. Құрылғы желдеткіш ретінде де ең жоғары жылдамдықпен максималды қуатта жұмыс істейді.

Артықшылықтары:

  • Тартымды көрініс;
  • Сапалы материалдар;
  • Бөлмедегі ауаны жылдам жылыту;
  • Үнсіз жұмыс істейді;
  • Қарапайым басқару;
  • Жинақы;
  • Корпустан ажыратылатын электр сымы.

Кемшіліктері:

  • Аударылған кезде автоматты өшіру жоқ;
  • Сіз нақты қажетті ауа температурасын орната алмайсыз;
  • Бөлмедегі ауаны біркелкі тарату үшін корпусты автоматты түрде бұру жоқ.



Dyson AM05 hot+Cool желдеткіш-жылытқышы

Біздің шолудағы ерекше дизайнның тағы біреуі – Dyson AM05 hot+Cool желдеткіші дөңгелек сызықтары бар жұқа құрылғы. Бұл желдеткіш тек сыртқы түрімен ғана емес, жалпы құрылысымен де ерекше. Себебі, құрылғыға кірген ауа қызып шығатын кезде қосымша массаларымен бірге таралып, бөлмеге жылы ауаның таралуын тездетеді.

Dyson AM05 құрылғысының басқару жүйесі мен термостаты электронды. Температура параметрлерін көрсететін шағын дисплейі бар. Сондай-ақ, жұмыс жылдамдығы корпустағы түймелермен реттеледі және пайдаланушыға ыңғайлы болу үшін шағын қашықтан басқару тетігін де жасаған. Үстелге немесе еденге орналастырылады. Модель желдету режимінде де жұмыс істей алады.

Негізгі техникалық сипаттамалары:

  • Максималды қуат-2000 Вт;
  • Жылытылатын алаң-37 м2 дейін;
  • Электрондық басқару жүйесі;
  • Термостат;
  • Мұздатуға қарсы режим;
  • Қызып кетуден қорғау;
  • Аударылған кезде өшу;
  • Қашықтан басқару пульті;
  • 30 минуттық тестілеу процесінде Dyson AM05 үй ішіндегі ауаны максималды қуатпен 7 градус жоғарылатқан. Электр қуатын да өндірушілер айтқандай тұтынған.

Артықшылықтары:

  • Тартымды көрініс;
  • Инновациялық жұмыс принципі;
  • Қауіпсіз пайдалану;
  • Күтімнің қарапайымдылығы;
  • Температураның градустық қондырғысы бар электрондық басқару;
  • Қашықтан басқару пульті;
  • Жинақы.

Кемшіліктері:

  • Максималды режимдерде шулы;
  • Электр сымы корпустан ажыратылмайды;
  • Қымбат.

Егер, сізге жылытқыш құрылғы қажет болса, аталған сипаттамаларды есте ұстағаныңыз дұрыс.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Смартфонның МЫНА ФУНКЦИЯЛАРЫН ӨШІРІП қойыңыз. Әйтпесе, сізді БАҚЫЛАЙДЫ!

Компьютер тінтуірі 54 ЖАСҚА ТОЛДЫ: Ең алғашқысы ҚАНДАЙ ЕДІ?