15-сәуір ғашықтар күні: online-дүкендерде той көйлектерінің сатылымы 5 есеге артты

0
1 543

Мейрам қарсаңында қазақстандықтардың AliExpress-тен сақиналарды белсенді түрде сатып алуы байқалды.


15-сәуір ғашықтар күні: online-дүкендерде той көйлектерінің сатылымы 5 есеге артты

ERNUR.KZ. Еліміздегі ғашықтар күні 15 сәуірде оныншы жыл аталып отыр. Ал аңызға айналған Қозы-Көрпеш пен Баян сұлудың хикаясы ғашықтарды түрлі романтикалық қадам жасауға шабыттандыра түскендей, деп жазады aikyn.kz.

Өйткені мейрам қарсаңында қазақстандықтардың AliExpress-тен сақиналарды белсенді түрде сатып алуы байқалды. Олардың бағасы былтырғы жылмен салыстырғанда 2,3 есеге артқан. Аталған платформадан сатып алынған неке жүзіктерінің бағасы 2 500-ден 260 000 теңге аралығын қамтиды.
Романтикалық маусым қарсаңында той көйлектеріне сұраныс айтарлықтай артқан – бұл санаттағы сату деңгейі 5,3 есеге өскен. Ең танымал модельдер арасында қоңырау-белдемшелі кең етекті көйлектер, сонымен қатар жібек шлейфті және шілтерлі аппликациялы модельдер бар. Платформадан сатып алынған той көйлегінің орташа бағасы 37 000 теңгені құрайды.
Ғашықтар күні қарсаңында үлкен сұранысқа той шараларына арналған әшекейлер де ие болып отыр, олардың сатылымы өткен жылмен салыстырғанда 5 есеге өскен. Қазақстандық қалыңдықтар өз образдарын толықтыру үшін сатылым алаңынан фата, қолғаптар, кринолиндер мен шаш сәндеуге арналған диадемалар сатып алған.
Одан өзге, наурыз айының басынан бастап AliExpress-те макияжға арналған жинақтардың (4,2 есе), шаш сәндеуге арналған тауарлардың (2,1 есе), сондай-ақ тері күтіміне арналған құралдардың (1,8 есе) сатылымы артқан.

Танымал тауарлардың тізіміне мерекелік әшекей құралдары: залдарды әсемдеуге арналған гүл композициялары, үрлемелі шарлар және оларға арналған тұғырлар, фотозоналарға арналған фондар, сонымен қатар түрлі гирляндалар, шамдар мен ашылмалы плакаттар кіріп отыр. Мерекелік шараларды әсемдеуге арналған тауарлардың жалпы сатылымы 3,7 есеге артқан.