Ақмола облысында жас жігітті өлтіріп кетті

0
310

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.


 Ақмола облысында жас жігітті өлтіріп кетті

фото: Sputnik / Владислав Воднев

ERNUR.KZ. Ақмола облысында төбелес кезінде 22 жастағы жігіт көз жұмды. Ақпаратты облыстық полиция растады, деп жазады sputnik.kz.
Трагедия көңіл көтеру орындарының бірінде болған. Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сондай-ақ жанжалға қатысқан басқа да адамдар анықталып, ұсталды. 6 адамға бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.