Өткен жылы әуежай 7 миллионнан астам жолаушыны қабылдаса, биыл 8 миллион жолаушыны қабылдаған.
ERNUR.KZ. Алматы әуежайының жаңа терминалы алғашқы жолаушыларын 2024 жылдың сәуір айында қабылдайды, деп жазады stan.kz.
Алматы әуежайынының вице-президенті Фатих Омур Қазақстан-Түркия экономикалық ынтымақтастығын дамыту мәселелері талқыланған симпозиумында осы жаңалықпен бөлісті.
Өткен жылы әуежай 7 миллионнан астам жолаушыны қабылдаса, биыл 8 миллион жолаушыны қабылдаған. Мамандар жаңа терминалдың өткізу қабілеті айтарлықтай жақсы жұмыс істейтініне сенімді.
“Соңғы жылдары әуежай көп жолаушыларды қабылдады. Терминалдың құрылысы кестеге сәйкес жүргізілуде. Ол халықаралық рейстерге, ал ескісі ішкі рейстерге қызмет көрсететін болады. Қазақстан мен Түркияның экономикалық ынтымақтастығы әуе қатынасы арқылы тығыз болады деген сенімдемін”, – деді Алматы халықаралық әуежайының аға вице-президенті Фатих Омур.