Алматы облысында бір үйдің 6 адамы коронавирус жұқтырған

0
747

Жалпы 22 сәуір күнгі сағат 15.00-дегі жағдай бойынша Алматы облысында коронавируспен ауырғандар саны 62-ге жетті, 9 адам жазылып шықты.


Алматы облысында бір үйдің 6 адамы коронавирус жұқтырған

ERNUR.KZ. Бүгін Алматы облысында 7 адамның COVID-19 жұқтырғаны белгілі болды, деп жазады ҚазАқпарат.

Олардың алтауы - 63, 40, 33, 19 жастағы төрт ересек және 7, 4 жастағы екі бала Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылының тұрғындары. Олардың бәрі де - бұған дейін ауырған 1939 жылы туған азаматпен бір үйде тұрғандар. Бұл 6 адам Шелек ауылындағы аудандық аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылды.

COVID-19 инфекциясымен ауырғандардың тағы біреуі Іле ауданында тіркелді. Талғар ауданының 1994 жылы туған тұрғыны диагнозы анықталғаннан кейін Қарасай аудандық орталық аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылды. Ол бұған дейін ауырған пациентпен байланыста болған. Жұмыс барысында 25 адаммен қарым-қатынас жасаған. Олардың барлығы дәрігерлердің бақылауында.

Жалпы 22 сәуір күнгі сағат 15.00-дегі жағдай бойынша Алматы облысында коронавируспен ауырғандар саны 62-ге жетті, 9 адам жазылып шықты.