Алматы облысында жартылай жалаңаш еркек жас қыздың соңына түскен (видео)

0
767

Бойжеткен Сәтбаев көшесінде жартылай жалаңаш еркектің соңынан түскенін байқаған.


Алматы облысында жартылай жалаңаш еркек жас қыздың соңына түскен (видео)

ERNUR.KZ. Жартылай жалаңаш еркек бір сағат бойы жас қыздың соңынан ерген. Оқиға Талғар қаласының көшелерінің бірінде болған, деп жазады stan.kz.

Бойжеткен Сәтбаев көшесінде жартылай жалаңаш еркектің соңынан түскенін байқаған. Алайда оны байқамаған сыңай білдірген. Нәтижесінде қыз үйіне жеткенше ер адам соңынан еріп отырған.

Кадрлардан ер адамның оны видеоға түсіріп жатқанына да мән бермегенін көруге болады.

Қыздың айтуы бойынша, ол есірткінің әсерімен жүрген немесе қандай да бір ауруға шалдыққан.

Қазір қыздың жағдайы қалыпты. Оған психологиялық көмек қажет емес.

Алматы облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факті бойынша өтініш түскенін хабарлады.

"Ұсталды, қамалды", - деді Алматы облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары толығырақ ақпаратты кейін беруге уәде етті.