Әнуар Жанғозин "Назарбаев Зияткерлік мектептерінің" басқарма төрағасы болды

0
949

Әнуар Жанғозин 1986 жылы дүниеге келген.


Әнуар Жанғозин

ERNUR.KZ. Назарбаев зияткерлік мектебі дербес білім беру ұйымы басқарма төрағасы Күляш Ноғатайқызы Шәмшидинованың орнына Әнуар Қанатұлы Жанғозин тағайындалды, деп жазады baq.kz.

Жанғозин жаңа лауазымы туралы Facebook желісінде жариялады.

Бүгін "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ Қамқоршылық кеңесінің шешімімен Басқарма Төрағасы лауазымына тағайындалдым. Бұл ұйымда 15 жыл бұрын еңбек жолымды бастап, бірегей тәжірибе алу мүмкіндігіне ие болдым. Алған білімімді кейін түрлі мекемелерде қызмет атқару барысында қолдандым. Енді Зияткерлік мектептерді одан әрі дамытуға бағытталған жұмысқа кірісіп отырмын. Әдеттегідей, атқарылып жатқан жұмыс нәтижелерімен және басқа да маңызды ақпаратпен өз парақшамда үнемі хабарлап отыруға тырысамын - деп жазды ол.

Әнуар Жанғозин 1986 жылы дүниеге келген.

М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде «Математика» мамандығы бойынша және «Назарбаев Университетінің» магистратурасында «Білім беруді басқару» мамандығы бойынша білім алған. Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

2008-2011 жылдары «Назарбаев Зияткерлік мектептері» әдістемелік процесс департаментінің менеджері, директордың орынбасары болып жұмыс істеді.

2011 жылдан 2016 жылға дейін Нұр-Сұлтан қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебінде» математика пәнінің мұғалімі, директор қызметін атқарған.

2017-2019 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының басшысы болды. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.