Астанада 1000 - ға жуық адам тіркелген пәтердің иесі сотталды

0
499

Үкім заңды күшіне енді.


Астанада 1000 - ға жуық адам тіркелген пәтердің иесі сотталды

ERNUR.KZ. Елорда прокуратурасы көші – қон заңнамасы талаптарының сақталуын тексеру шеңберінде жалпы ауданы 35,7 ш.м. бір бөлмелі пәтерде 937 адам тіркелгенін анықтады, деп жазады zakon.kz.

Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Мемлекеттік айыптаушы – прокурор тұрғын үй-жайды беру арқылы заңсыз көші-қонды ұйымдастырған сотталғанның кінәсін дәлелдеді.

Сот үкімімен "резеңке" пәтердің иесі ҚК-нің 394 – бабының 1 – бөлігі бойынша сотталды.

Үкім заңды күшіне енді.