Аталған оқиғаға қатысты сот-медициналық сараптама жүргізілмек, оның нәтижесі қосымша хабарланады.
фото кадры/Астана ПД
ERNUR.KZ. Астанада Полиция департаменті тұрғын үйлердің бірінің лифтінде бес жасар балаға пышақпен шабуыл жасаған 14 жастағы жасөспірімге дене жарақатын келтіру дерегін тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұған дейін желіде 14 жастағы жасөспірімнің анасы полицияға жүгінгені туралы ақпарат пайда болған, өйткені оның айтуынша, ұлына санитарлар дене жарақатын келтірген.
Полиция бұл ақпарат бойынша тексеру басталғанын хабарлады.
"Кәмелетке толмаған балаға дене жарақатын келтіру дерегі бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Аталған факт Алматы ауданының полиция басқармасында тіркелген. Нәтижесі бойынша шешім қабылданады", – деп мәлімдеді полиция.
"Денені тексеру кезінде пациент көрсеткен жерлерде тері таза, терінің тұтастығы бұзылмаған, гематомалар мен ісіну анықталған жоқ. Әңгімеге науқастың анасы шақырылды, онда полиция қызметкерлері мен медицина қызметкерлері жағдайды түсіндіріп, дене жарақаты туралы деректер табылмағанын хабарлады", - деп хабарлады орталық.
Аталған оқиғаға қатысты сот-медициналық сараптама жүргізілмек, оның нәтижесі қосымша хабарланады.
Еске салайық, 11 ақпанда қазақстандықтарды дүр сілкіндірген оқиға болды: жасөспірім Астанадағы тұрғын үйдің лифтінде бес жасар балаға пышақпен шабуыл жасаған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тараған болатын.