Смарт жүйе қауіпсіздік белдігін тақпаған және жаяу жүргіншілерге жол бермегендерді де анықтайды.
Фото: Zakon.kz
ERNUR.KZ. Астанада жаңадан орнатылып жатқан бейнебақылау камералары, көлікте ұялы телефон ұстаған жүргізушілерді бірден тіркеп, айыппұл салады, деп жазады zakon.kz.
Смарт жүйе қауіпсіздік белдігін тақпаған және жаяу жүргіншілерге жол бермегендерді де анықтайды.
Осылайша жасанды интеллектінің көмегімен 15 түрлі құқық бұзушылық автоматты түрде есепке алынады.
Жобаны іске асыру үшін Біріккен Араб Әмірліктері 53 млрд теңге инвестиция құяды.
"Қолданыстағы инфрақұрылым камераларын алып тастау көзделмеген. Керісінше жүйені кезең-кезеңімен жаңғыртып, оларды кеңейтіп, жаңа технологиялармен толықтырылады. Алдағы уақытта жаңа жоба аясында бізде 15 түрлі құқықбұзушылықты тіркейді. Және 35 бейнеаналитикасы бар. Ұялы телефонмен сөйлесу, белдікті тақпау т.б 15 түрлі құқықбұзушылықты тіркеледі."Ерасыл Қайрат, Бейнебақылау және инфрақұрылымды дамыту бөлімінің бас маманы