Атырау облысында екі күн бұрын тұтанған ірі өрт әлі сөнген жоқ

0
603

Каспий теңізі жағасындағы 32 гектар аумақ өртке оранған.


Атырау облысында екі күн бұрын тұтанған ірі өрт әлі сөнген жоқ

ERNUR.KZ. Каспий теңізі жағалауындағы қамыс әлі өртеніп жатыр, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД қалалық өрт сөндіру бөлімшелерінен 7 арнайы бірлік автотехника жұмылдырылды, 35 қызметкер жеке өрт ошақтарын хлопушкалар, аспалы өрт сөндіргіштер және мотопомпалардың көмегімен сөндіруде», - деп атап өтті ТЖД өкілдері.

Сондай-ақ теңіз жағалауы батпақты болуы және өсімдіктердің тым биіктігі қамыс өртін сөндіру жұмыстарында қиындық туғызып жатқаны айтылды.

«Өрт жағдайына жерден және әуеден барлау арқылы мониторинг жүргізілуде. Үздіксіз байланыс орнату үшін өрт орнында КШМ орналастырылған», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта өртенген аумақтың себебі мен ауданы анықталуда.

Еске салсақ, бұған дейін Каспий теңізі жағасындағы 32 гектар аумақтың өртке оранғаны туралы хабарланған. Отты өшіруге тікұшақ пен арнайы техникалар жұмылдырылған. Алайда қызыл жалын дес берер емес.