Батыс Қазақстанда ана мен баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

0
551

Аман-есен босануға барған ана да, жаңа туған нәресте де қайтыс болған. Марқұмның артында үш ұлы қалды.


Батыс Қазақстанда ана мен баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында жаңа босанған әйел мен нәрестесіқайтыс болды. Қайғылы оқиғаға қатысты полиция қылмыстық іс қозғады, деп жазады sputnik.kz.

Оқиға 15 мамырда Жаңақала аудандық ауруханасында болған. Аман-есен босануға барған ана да, жаңа туған нәресте де қайтыс болды. Марқұмның артында үш ұлы қалды.
"Сол күні Индираның өзі таңертең көлік жүргізіп, ауруханаға барды. Бәрі жақсы болды, ол ештеңеге шағымданбады, үш баланы да өзі дүниеге әкелген. Бұл жолы оған қалаға баруға уақыт аз екенін, аудандық ауруханада босанатынын айтқан. Әйелімнің жағдайы нашарлап, дәрігерлер кесарь тілігін жасауға шешім қабылдаған. Ол жерден тірі шықпады, бала да қайтыс болды", - дейді марқұмның күйеуі Нұржан Қанатов.
Туыстары өлімнің себептерін әлі білмейді. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бір ай ішінде дайын болады. Алайда, ер адам жұбайының өліміне адам факторы себеп болғанына сенімді. Ол әділеттілікке қол жеткізуге және кінәлілерді жазалауға бел буған. Полицияға арыз жазған болатын.
"Мен балаларға болған оқиға туралы айттым. Үлкендері естияр болған соң түсінді, бірақ кішісі не болғанын әлі түсінбейді. Әр кеш сайын ол анасын сағынатынын айтады. Ол қашан келеді деп сұрай береді", - дейді Нұржан Қанатов.
Айта кету керек, бұл ауруханада болған жүкті әйелдің алғашқы өлімі емес. 2018 жылы 44 жастағы Бибинұр Негметова жүктіліктің 29-шы аптасында қан кетіп ауруханаға жеткізілген еді. Ол көп ұзамай операция үстелінде қайтыс болған. Төрт жылдан кейін дәрігер-анестезиолог жарқын Тілешовке қатысты үкім шығарылды. Ол кәсіби міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін кінәлі деп танылды.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Индира Такесованың қайтыс болу фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 317-бабы "Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған медицина қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.