БҚО-да оқушы оқ жарақатын алған: сот үкім шығарды

0
184

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


БҚО-да оқушы оқ жарақатын алған: сот үкім шығарды

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысының Ақжайық аудандық соты аң аулауға шығып, оқ жарақатын алған оқушының ісін қарауды аяқтады, деп жазады tengrinews.kz.

Сот алдында зардап шеккен жасөспірімнің 30 жастағы көршісі Владимир Липатов жауап берді. Оған Қылмыстық кодекстің 114-бабы 3-бөлігінде "Абайсызда денсаулыққа зиян келтіру" бойынша қылмыс жасады деген айып тағылды. Айыпталушы кінәсін мойындамады, оның айтуынша, ол қоянды атқан.

Сейсенбіде сот оны "кінәлі деп танып, алты айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің ең төменгі қауіпсіздік жүйесінде өтейді".

"Сонымен қатар, кінәлі материалдық шығын үшін 2 289 407 теңге және моральдық шығын үшін бес миллион теңге төлеуі тиіс", - делінген материалда.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.