Елімізде жарты жылда 30 мыңға жуық отбасы ажырасып кеткен

0
251

Осы аралықта 100 мыңға жуық неке тіркелген.


Елімізде жарты жылда 30 мыңға жуық отбасы ажырасып кеткен

ERNUR.KZ. Биыл елімізде алғашқы жарты жыл ішінде 95 мың неке қиылып, 29,3 мың ажырасу тіркелді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ведомство мәліметінше, Қазақстан халқының саны 2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 20 223 218 адамды құрады, оның ішінде қала тұрғындары – 12 704 977, ауыл тұрғындары – 7 518 241 адам. 9 айда халықтың жалпы өсімі 189 376 адамды құрады.

Ведомство мәліметінше, 2024 жылдың 9 айында Қазақстанда 278,7 мың бала дүниеге келді, қайтыс болғандар саны – 99,5 мың адам. Осылайша, халықтың табиғи өсімі 179,2 мың адамды құрады.

«Туудың ең жоғары деңгейі Түркістан облысында (1000 тұрғынға 25,04 адам), Маңғыстау облысында (24,84) және Шымкент қаласында (23,68) байқалды. Өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан облысында (1000 тұрғынға 11,52), Шығыс Қазақстан облысында (11,32) және Қостанай облысында (10,12) байқалды, бұл осы облыстар халқының жас құрылымына байланысты», - делінген хабарламада.

2024 жылғы қантар-қыркүйекте елге келгендер саны 20 383 адамды, елден кеткендер саны 10 201 адамды құрады. Көші-қон айырымы – 10 182 адам.

«2023 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 6,5%-ға өсті, Қазақстаннан кеткендер саны 19,9%-ға азайды. Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүреді. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 79,7%, ал бұл елдерге кеткендердің үлесі 76,9% құрады. Ел ішіндегі көші-қон 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 47,4% өсті. Өңіраралық көші-қон бойынша еліміздің 4 өңірінде – Астана (52853 адам), Алматы (26157 адам), Шымкент (5948 адам) қалаларында және Алматы обласында (765 адам) халық көші-қонының оң айырымы қалыптасты», - деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.