Еңбек министрлігі зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегін төмендетуді қарастырады

0
778

Бұл бағытта арнайы жұмыс тобы құрылған.


Еңбек министрлігі зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегін төмендетуді қарастырады

ERNUR.KZ. Қазақстанда БЖЗҚ-дағы шоттарынан жинақталған зейнетақы қаражатын алу үшін жеткіліктілік шегін төмендету мүмкіндігін қарастырылады, деп жазады inbusiness.kz.

"Қазір бұл мәселемен Ұлттық Банк және Қаржы нарығын реттеуді дамыту агенттігі бірлесіп, жұмыс тобын құрды, сондықтан бұл мәселені жұмыс тобында қарастыратын шығармыз", - деді Дүйсенова Үкімет отырысынан соң.

Еске сала кетсек, 2022 жылдың сәуірінде елімізде БЖЗҚ шоттарынан зейнетақы жинақтарының артық сомасын алудың жеткіліктілік шегін артты. Бұл, ең алдымен, төменгі жалақының 42 500 теңгеден 60 000 теңгеге дейін өсуіне байланысты.