Қарағандыда бір жыл бұрын іздеу жарияланған бұрынғы жоғары шенді полицей ұсталды

0
209

Құлкеев қылмыстық іс аясында тәркіленген майнинг техникасын ұрлады деген күдікке ілінді.


Қарағандыда бір жыл бұрын іздеу жарияланған бұрынғы жоғары шенді полицей ұсталды

фото: instagram/podslushanosaran

ERNUR.KZ. 2023 жылдың желтоқсанында іздеу жарияланған Қарағанды облысы ПД тергеу басқармасының бұрынғы бастығы Рустам Құлкеев бір жылға жуық уақыттан кейін ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп жазады tengrinews.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметі Құлкеевтің ұсталуына қатысты ресми пікір берді.

"ІІМ ӨҚД жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде іздеуде жүрген азамат Қ. ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол 2023 жылы теріс себептермен ІІО-дан Қарағанды облысы ПД Тергеу басқармасының бастығы қызметінен босатылған. Ішкі істер министрлігі өз құрамындағы кез келген құқық бұзушылыққа төзбеушілік туралы өзінің принципті ұстанымын білдіреді және оларды жою бойынша жұмысты жалғастырады", - делінген хабарламада.

Құлкеев қылмыстық іс аясында тәркіленген майнинг техникасын ұрлады деген күдікке ілінді. Экс-полиция бастығына қатысты "Ұрлық" және "Қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану" баптары бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Құлкеевті іздеу туралы хабарлама Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі сайтында жарияланған. Ол 2023 жылдың 1 желтоқсанынан бастап іздеуде болған.