Қаржаубай Нұрымов полиция бөлімінен ауруханаға жеткізілді

0
413

Талғарда 10 қараша күні полиция Қаржаубай Нұрымовты ұстаған еді.


Қаржаубай Нұрымов полиция бөлімінен ауруханаға жеткізілді

фото: скриншот

ERNUR.KZ. Бұл туралы журналистерге Алматы облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Бағдат Әшімов айтты, деп жазады ulysmedia.kz.

Бағдат Әшімов жерлеу рәсімінен кейін Қаржаубай Нұрымов “екі көлікпен жолды жауып тастап, былапыт сөз айтып, қоғамдық тәртіпті бұзғанын, сол себепті полиция шара қабылдауға мәжбүр болғанын” айтады. “Ол бұл әрекетін немен түсіндірді” деген сұраққа Әшімов түк білмейтін адамдай жауап берді.

– Соны әлі түсінбей отырмыз. Қазір мән-жайды анықтап жатырмыз. Оның әрекеттерінде әкімшілік кодекстің 434-бапты бұзу белгілері (қоғамдық орында былапыт сөз айту) бар, – дейді ол.

Әшімов Нұрымов айтқан күдікті ақ түсті көлік жайлы нақты ештеңе айтпады. Қандай көлік екенін, ішінде кім болғанын да. Тергеуге нұсқады. Нұрымовтың қолында пышақ болғанын, ешкім зардап шекпегенін жеткізді.

– Қазір оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сотта тиісті шешім қабылданады. Ол 5-тен 15 тәулікке дейін қамалуы мүмкін.
Полиция бөліміне жеткізілгеннен кейін Нұрымов өзін жайсыз сезініп тұрғанын айтып, шағымданды. Содан кейін біз жедел жәрдем шақырдық. Оны мамандар тексеріп, орталық ауруханада тексерген жөн деп шешім шығарды, – дейді Әшімов.

Талғарда 10 қараша күні полиция Қаржаубай Нұрымовты ұстаған еді.