Мемлекет басшысының Instagram желісіндегі парақшасы 2019 жылдың 1 сәуірінде ашылған.
Мемлекет басшысының Instagram-дағы жазылушыларының саны миллионнан асты. Бұл туралы өзінің Facebook-тегі парақшасында Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
"Қасым-Жомарт Тоқаевтың негізгі саяси ұстанымдарының бірі – ашықтық және қоғаммен тығыз қарым-қатынас орнату. Президент «халық үніне құлақ асатын мемлекет» концепциясын іске асыру барысында халықпен тікелей байланысқа ерекше көңіл бөледі. Тұрғындардың өтініш-тілектерін дер кезінде қарау үшін Қазақстан Президентінің Виртуалды қабылдауы ашылды. Бүгінде оған 6673 өтініш келіп түскен.
Қасым-Жомарт Тоқаев брифингтер мен баспасөз мәслихаттарын жиі өткізіп, отандық және шетелдік БАҚ-қа сұхбат беріп тұрады. Сонымен қатар Twitter және Instagram секілді әлеуметтік желілерді белсенді қолданады.
2019 жылдың 1 сәуірінде ашылған Мемлекет басшысының Instagram желісіндегі парақшасына жазылушылар саны 1 миллионнан асты. Президент 9 ай ішінде өз парақшасында ресми шаралардан, кездесулер мен сапарлардан 60 пост жариялады. Қасым-Жомарт Кемелұлы алдағы уақытта Instagram желісінде бейресми сәттерде түсірілген суреттер мен бейнероликтер жариялауды да жоспарлап отыр, - деп жазды Берік Уәли"