Қазақстан Президенті жаңадан тағайындалған Оман Сұлтанын құттықтады

0
802

11 қаңтарда Хайсам бен Тариқ Әл Саид Оман елінің жаңа басшысы атанды


Қазақстан Президенті жаңадан тағайындалған Оман Сұлтанын құттықтады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Оманның жаңадан тағайындалған Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидті Қазақстан халқының және Өзінің атынан құттықтап, жеделхат жолдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Оман Сұлтандығының экономикасы қарқынды дамып, халқының әл-ауқаты артып отырған мемлекет екенін айта келе, Хайсам бен Тариқ Әл Саидтің басшылығымен Оманның одан әрі өркендеп, мерейі өсе беретініне сенім білдірді.

«Екі ел арасындағы достық пен өзара қолдауға негізделген ынтымақтастықты келешекте де халықтарымыздың игілігі үшін әрі қарай өрістету мақсатында Сізбен бірлесе күш-жігер жұмсауға дайын екенімді қуаттаймын. Сіздің аса жауапты қызметіңіз бен барлық игі бастамаларыңызға мол табыс, ал достас Оман халқына ырыс пен құт-береке тілеймін», – делінген жеделхатта.

Еске сала кетсек, 11 қаңтарда Хайсам бен Тариқ Әл Саид Оман елінің жаңа басшысы атанды. Ал Оманның бұрынғы басшысы Сұлтан Кабус бен Саид Әл Саид 79 жасында қайтыс болған еді.