Қазақстан-Ресей шекарасындағы 5 шақырымдық көлік кептелісінің себебі айтылды

0
501

Кеше әлеуметтік желілерде Қазақстан-Ресей шекарасындағы 5 шақырымдық көлік кептелісінің видеосы тараған еді.


Қазақстан-Ресей шекарасындағы 5 шақырымдық көлік кептелісінің себебі айтылды

ERNUR.KZ. ҰҚК Шекара қызметі осы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп жазады ulysmedia.kz.

ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, расында да шекарада ресейліктердің саны артқан, бірақ бұл – мереке күндеріне байланысты болған жағдай.

«11 маусымда Ресей күнін мерекелеуге және 12-13 маусым демалыс күндері деп жарияланғанына байланысты, Қазақстан мен Ресей шекарасында Қазақстанға туыстарымен көрісуге, демалуға келетін ресейліктер саны аздап өсті. Осыған байланысты қазақстандық бақылау-өткізу бекеттерінде қызметкерлер саны көбейіп, өткізу штаттық режимде жүргізілді», - деп түсіндірді ведомстводан.