​Қызылордада дәрігер мамандар жетіспейді

0
1 438

Жыл сайын аймаққа қажетті дәрігер мамандарды даярлауға облыс әкімінің гранттары бөлініп отыр.


​Қызылордада дәрігер мамандар жетіспейді

ERNUR.KZ. Қызылорда облысында дәрігер жетіспеушілігі төмендеп келеді, деп жазады ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Жыл сайын аймаққа қажетті дәрігер мамандарды даярлауға облыс әкімінің гранттары бөлініп отыр.

«Облыс әкімінің гранты негізінде 42 резидент еліміздің 5 жоғары оқу орындарында даярлануда. 2019 жылы - 16 дәрігер, 2020 жылы - 15 дәрігер, 2021 жылы - 10 дәрігер, 2022 жылы - 1 дәрігер резидентураны бітіріп, өңірімізге келеді деп күтілуде. Және 2018 жылы жергілікті бюджеттен 30 жалпы тәжірибелік дәрігерлерді даярлауға облыс әкімінің арнайы гранты бөлінді», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова.

Сондай-ақ, өткен жылы 1500-ге жуық медицина саласының қызметкері шетелде білімін жетілдірді.

«2018 жылы жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға 767 маман білімін жетілдірсе, 720 дәрігер біліктіліктерін арттырды. Оның ішінде 7 маман Корея мемлекетінде, 157 маман Татарстан Республикасының астанасы - Қазан қаласында оқыды», - деді басқарма басшысы.