Назарбаев университеті студент қыздың мәлімдемесіне жауап қатты

0
855

Әлеуметтік желілерде жас қыз Назарбаев университетінің оқытушылары мен техникалық қызметкерлер тарапынан болған бірнеше жәбірлеу және зорлау фактілерін білетіндігін айтып бейне хабарлама таратқан.


Назарбаев университеті студент қыздың мәлімдемесіне жауап қатты

ERNUR.KZ. Назарбаев университетінің баспасөз қызметі білім беру мекемесінің басшылығы жағдайды түсіну үшін тергеуге жан-жақты көмек көрсететінін мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.

"Назарбаев университетінің студенті айтқан, тексеруді талап ететін сексуалдық сипаттағы құқық бұзушылық жағдайлары туралы ақпарат бойынша Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының полиция басқармасы тиісті процессуалдық әрекеттерді жүргізіп жатыр. Университет кез келген зорлық-зомбылық әрекетіне мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстанады және тергеуге жан-жақты көмек көрсетеді", - деп мәлімдеді Назарбаев университетінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, әлеуметтік желілерде жас қыз Назарбаев университетінің оқытушылары мен техникалық қызметкерлер тарапынан болған бірнеше жәбірлеу және зорлау фактілерін білетіндігін, сондай-ақ жоғары курста оқитын студент қыздар төменгі курста оқитын қыздарды қудалайтыны туралы бейне хабарлама таратты.