Назарбаевты әнұранның авторы мәртебесінен айыруға бола ма – Мәжіліс төрағасы жауап берді

0
857

Экс-президенттің есімі болашақта авторлар тізімінен алына ма деп сұрады.


Назарбаевты әнұранның авторы мәртебесінен айыруға бола ма – Мәжіліс төрағасы жауап берді

ERNUR.KZ. Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін мемлекеттік гимн авторларының тізімінен алып тастауға бола ма деген сұраққа жауап берді, деп жазады stan.kz.

БАҚ өкілі Қырғызстанда мемлекеттің тудың өзгергенін мысалға алып, Қошановқа Қазақстанда экс-президент Назарбаевтың есімін әнұран авторларынан алып тастау мәселесі жиі көтерілетінін айтты. Экс-президенттің есімі болашақта авторлар тізімінен алына ма деп сұрады.

“Бұл енді дәл қазіргі күні күн тәртібінде тұрған мәселе емес”, – деді Қошанов.

Сондай-ақ журналист авторлыққа байланысы заң қабылданғалы жатқанын еске салып, сол уақытта бұл мәселе ескеріле ме деп сауалын нақтылады.

"Ол әлі бізге түскен жоқ. Сондықтан ол туралы ешқандай ақпарат айта алмаймын”, – деді ол.

Журналистің Назарбаев әнұран авторы болуға лайық па деген сұрағына мәжіліс төрағасы қысқа жауап қайырды.

“Енді кезінде сондай шешім қабылданды ғой”, – деді Қошанов мәжіліс кулуарында берген сұхбатында.