Нұрсұлтан Назарбаев «Әл-Азһар» университетінің Бас имамы Шейх Ахмед ат-Тайебпен кездесті

0
1 118

Тараптар дүние жүзіндегі конфессияаралық диалогтің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасып, Қазақстанда өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің аталған үдерістегі маңызды рөлін айрықша атап өтті.


Нұрсұлтан Назарбаев «Әл-Азһар» университетінің Бас имамы Шейх Ахмед ат-Тайебпен кездесті

Бүгін астанадағы Бас мешітте оқылған жұма намазынан соң Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Әл-Азһар» университетінің Бас имамы Шейх Ахмед ат-Тайебпен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Тараптар дүние жүзіндегі конфессияаралық диалогтің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасып, Қазақстанда өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің аталған үдерістегі маңызды рөлін айрықша атап өтті.

Қазақстанның тұңғыш Президенті Қазақстан мен Мысыр арасында қарым-қатынас орнату барысы, соның ішінде жоғары білім беру саласындағы байланыстар туралы өз естеліктерін ортаға салды.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ, Ахмед ат-Тайебтің Съезде сөйлеген сөзінің негізгі тезистеріне қолдау білдіріп, діндер көшбасшылары арасындағы ашық диалогты қамтамасыз етудің маңызды екеніне тоқталып өтті.