Өскеменде дәмхана маңында мәйіті табылған жігітті кімнің өлтіргені камерадан көрінді

0
200

Қаланың орталық көшелерінің бірінде орналасқан дәмханада жігіттің мәйіті табылған еді.


Өскеменде дәмхана маңында мәйіті табылған жігітті кімнің өлтіргені камерадан көрінді

Фото: Pexels

ERNUR.KZ. Өскемен қаласында дәмхана маңында ер адамның мәйіті табылған. Полицейлер камера арқылы күдіктіні тауып, іс сотқа жетті, деп жазады inform.kz.

Қаланың орталық көшелерінің бірінде орналасқан дәмханада жігіттің мәйіті табылған еді. Оқиға орнына полицейлер жетіп, қылмыстық іс қозғады. Көп ұзамай «Сергек» камералары арқылы күдіктінің кім екені анықталды.

– Камерада көрінгендей, ол марқұмның мойнына бірнеше рет пышақ сұққан. Содан соң оқиға орнынан қашып кеткен. Куәгерлердің сөздері мен заттай айғақтар айыпталушының кінәсіне дәлел болды, - деп хабарлады ШҚО облыстық сотының баспасөз қызметінен.

Сот ер адамның кінәсін мойындауын, алғаш рет қылмыс жасағанын ескерді. Сот шешімімен сотталушы қатаң тәртіптегі қылмыстық-атқару жүйесінде 16 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енді.