Бұл жұмыс жақын арада басталып, күзге дейін аяқталады.
Сурет: pixabay
ERNUR.KZ. Өскемендегі Кен емес материалдар комбинаты маңындағы қазаншұңқырлардың аумағы абаттандырылып, жақын арада жағажайға айналады, деп жазады zakon.kz.
Sozmedia мәліметтері бойынша, бұл жұмыс жақын арада басталып, күзге дейін аяқталады.
Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышовтің брифингі сөзіне сүйенсек, дәл осы шұңқырларда жағажай жабдықталатын болады.
Сондай-ақ, онда маршруттық өзен трамвайларын іске қосу мүмкіндігі қарастырылуда. Әзірге бұл идея даму сатысында.