Келтірілген залал 1 миллиард теңгеден асты.
фото/ Sandor Gemes
ERNUR.KZ. Павлодар облысында рейдерлік фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп жазады sputnik.kz.
Ұсталған ер адамның басшылығымен қылмыстық топ ұзақ уақыт бойы кәсіпкерлерді қорқытып, құжаттарды бұрмалау арқылы мүлкін тартып алып жүрген.
"Меншік иелерінің кәсіпорынға кіруіне шектеу қойылып, заңды тұлға үшінші тұлғалардың атынан тіркелген, содан кейін мүлік сатылған. Бүгінде келтірілген залал 1 миллиард теңгеден асты, соттың санкциясымен қылмыстық іске қатысқан адамдардың мүлкі тәркіленіп, негізгі күдікті қамауға алынды", - делінген ресми хабарламада.