Перизат Қайрат миллиард теңгеден астам қаражатты жеке мақсатына жұмсаған

0
240

Жалпы ұрланған қаржы көлемі 3,5 млрд теңгені құрады.


Перизат Қайрат миллиард теңгеден астам қаражатты жеке мақсатына жұмсаған

фото:Sputnik / Стрингер

ERNUR.KZ. Қаржылық мониторинг агенттігі Перизат Қайрат миллиард теңгеден астам қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылып, жеке мақсатына жұмсағанын мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
Қайрат "Biz Birgemiz Qazaqstan 2030" қорына түскен қаражатты өзінің және анасы Г. Алашбаеваның есепшоттарына аударып, кейін оларды зергерлік бұйымдарға, киім-кешекке, жиһазға, саяхаттарға, жөндеу қызметтеріне, автокөлік жалдау және басқа да шығындарға жұмсаған.
Қылмыстық табысты жымқыру мақсатында ол 16 серіктес жеке кәсіпкерлермен металдан жасалған киіз үйлер, қайықтар, етіктер және басқа да заттарды жеткізу жөнінде жалған келісімдер жасасқан. Алайда бұл келісімдер іс жүзінде орындалмаған.
"Нәтижесінде миллиард теңгеден астам қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылып, жеке мақсаттарына жұмсалған.Осы соманың 72 млн теңгесі оның анасы Г.Алашбаеваның есепшотына "Солтүстік Қазақстан облысындағы зардап шеккен тұрғындарға тұрмыстық техника сатып алу" деген сылтаумен аударылып, кейін ол П.Қайрат арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылды", - деп жазылған хабарламада.
Ақшаның бір бөлігіне сомасы 6,9 млн теңге құраған "Rolex" сағатын сатып алуға жұмсалған. Палестинаға көмек көрсету үшін жиналған қаражаттың бір бөлігі 2024 жылдың қаңтарында П.Қайрат "Rebel flowers" ЖШС-ін сатып алуға жұмсалған. Оның құны 23 млн теңге болса да, ол келісім-шартта күдік туғызбау үшін 2 млн теңгеге төмендетілген соманы көрсеткен.
Гүл бизнесінен түскен табысы 69 млн теңгені құрады. Сонымен қатар ұрланған қаражатқа 4 автокөлік, 4 пәтер, 2 автотұрақ орнын, үй, жер телімін және ғимарат сатып алынған.
Сондай-ақ жалпы құны 158 млн теңге болатын зергерлік бұйымдар, аяқ киім және сөмкелер тәркіленді. Жалпы құны 865 млн теңгені құрайтын қылмыстық жолмен алынған мүлікке тыйым салынды. Г.Алашбаеваға қатысты үй қамау түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды.
Айта кетері, 2024 жылы 1 сәуір мен 15 қараша аралығында Перизат Қайрат "Biz Birgemiz Qazaqstan 2030" ҚҚ-ның есепшотына 2,8 млрд теңге жинап, жымқырғаны анықталды.
Тергеу амалдарының нәтижесіне сай, жалпы ұрланған қаржы көлемі 3,5 млрд теңгені құрады.