Жақында Ресейдің вице-премьері Александр Новак Шығыс Қазақстан арқылы өтетін жаңа газ құбырын салу жоспарын жариялады.
фото: Sputnik / Стрингер
ERNUR.KZ. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстан арқылы Ресейден Қытайға газ құбыры тартылған жағдайда қандай талап қойылатынын айтты, деп жазады sputnik.kz.
Жақында Ресейдің вице-премьері Александр Новак Шығыс Қазақстан арқылы өтетін жаңа газ құбырын салу жоспарын жариялады. Ол арқылы Қытайға жыл сайын 35 млрд текше метр газ тасымалдауға мүмкіндік бар.
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, Мәскеу мен Бейжің бір келісімге келсе, Қазақстан газ құбырын өткізуге жағдай жасайды. Бірақ нақты бір шарт болады.
"Қазақстан осы жобаның іске асырылуына мүдделі. Ресейде тиісті шешімдер қабылданса, біз газ құбырын өткізу үшін өз жерімізді ұсынуға дайынбыз. Бірақ нақты бір шарты болады. Ол – ішкі нарығымызға өзара келіскен бағамен газдың белгісі бір көлемін жеткізу. Біз 10 млрд текше метрге дейін газ аламыз деп отырмыз", - деді Сәтқалиев мәжілісте өткен брифингте.
Айта кетері, мәжілісте өткен үкімет сағатында министр Қазақстанға жанар-жағармайдың импортын қай кезде тоқтатуға болатынын да айтты. Алдағы уақытта елімізде төртінші мұнай өңдеу зауыты салынады.