Ресейден сертификатсыз 170 тоннадан астам картоп әкелмек болғандар анықталды

0
393

Картоптың барлық партиясы жіберушіге қайтарылды.


Ресейден сертификатсыз 170 тоннадан астам картоп әкелмек болғандар анықталды

ERNUR.KZ. Ресейден Қазақстанға сертификатсыз 170 тоннадан астам картоп әкелуге тырысқандар анықталды, деп жазады baq.kz.

ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Костанай облыстық инспекциясы Ресей Федерациясымен шекаралас аймақта орналасқан «Қайрақ» фитосанитарлық бақылау бекетінде 18-19 қыркүйекте 12 бұзушылық анықталды.

Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік инспекторлар 170,9 тонна картопты фитосанитарлық сертификатсыз әкелуді тоқтатты.

Әкімшілік хаттамалар жасалды. Картоптың барлық партиясы жіберушіге қайтарылды.